«Ұлытау ауданының аудандық орталық ауруханасы» КМК Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы
0
Халыққа ақпарат

 

Күйдіргі – адамның және жануарладрдың (ірі және ұсақ қара малдың, жылқы және шошқаның, т.б.) өлімге әкелетін аса қауіпті жұқпалы аурулардың бірі. Күйдіргінің  қоздырғышы сыртқы ортаның әсеріне өте тұрақты.

 

Топырақта жүздеген жылдар бойы сақталады. Аурудың ұзақтығы мен нышандары алуан түрлі. Ауру ағзаны түгелдей және жеке мүшелерді де зақымдайды.
Күйдіргі адамға қалай жұғуы мүмкін?

 

Ветеринарлық-санитарлық сараптамадан өтпеген және белгіленбеген сауда орындарында сатып алынған мал өнімдерін пайдаланғанда жұғуы мүмкін. Сондай-ақ ауру малға күтім жасағанда, сойғанда, терісін алғанда, етті мүшелегенде, өлікті көмгенде, күйдіргі микробының спораларымен тұқымданған мал шаруашылық өнімдерімен байланысқанда (терімен, қабықпен, тері бұйымдарымен, жүнмен, қылмен), күйдіргің микроптың тұқымдандырудан адамға жұғуы мүмкін.
Жиі жағдайда тері, тыныс жолдарының шырышты қабығы және кейде – ішек-қарын жолы зақымдалады.

 

Ауруға шалдыққан адамның белгілері қандай?

Адамда бұл аурудың 3 түрі бар:
Тері             Ішек               Өкпе

Күйдіргінің тері түрімен ауырғанда инкубациялық кезеңде терінің алуан түрлі жарасы 2-ден 14 күнге дейін созылады.

Алғашқыда зақымданған орында қызыл дақ пайда болады да, тері деңгейіне дейін жетеді.

Біраз уақыттан кейін жара пайда болады.

Науқастар қатты қышынуға және зақымданған жерде күйдіргіш сезіміне зарланады.

Жара бойында ісіну және терінің қызарып кетуі байқалады.

Жараның аймағында сезгіштіктің болмауы мен оның төмендеуі байқалады.

Ағзаның улануының белгілері (температураның 390-400 С көтерілуі), жалпы әлсірегендік, қалжырағандық, бастың қатты ауруы, бастың айналуы, бірінші тәулікте немесе екінші күні жүректің қатты қағуы байқалады.

Дәрігерге уақытында қарану және спецификалық ем жүргізудің арқасында әдеттегідей адамның жазылуымен аяқталады.


Күйдіргінің өкпе түрінің белгілері тұмауға ұқсайды – температураның көтерілуі, адамның қатты қалтырауы, кеудеден қақырықтың қатты бөлінуі байқалады. Үш-төрт күннен кейін есеңгіреуге және өлімге әкелетін жіті өкпе жетімсіздігі қалыптасады.

 

Күйдіргінің ішек түрінде іштің қатты ауруы, құсу, іштің қан аралас қатты өтуі байқалады. Сібір жараның инкубациялық кезеңі екі күннен жеті күнге дейін созылады.


Алдын  алудың  шаралары

 

  1. Ауру малды және жұқтырылған өнімдерді, мал шикізатын (егер де ауру белгісі тіркелсе) елді мекен жерінен тыс шығаруға (келтіру) қатан түрде тыйым салынады.
  2. Белгіленбеген сауда орындарында ветеринарлық ілеспе хатынсыз ет өнімдерін сатып алуға тыйым салынады.
  3. Ветеринар маман міндетті түрде тексеруді жүргізгеннен кейін үй малын сойған кезде, жеке қорғаныш құралдарын (резеңкелі қолғап, халат) қолдану қажет.
  4. Аурудың бірінші белгілерінен бастап-ақ, науқас жедел түрде медициналық көмекке жүгінуі тиіс, олар өз тарапынан курстық емдеуді анықтайды.

Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама

 

Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар.

 

Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар.

 

Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер: кіреберісте  домофонымен темір есік орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есіктерінің ашық - жабықтығын тексеріңіздер.

 

Көліктегі жолаушының күдікті жүріс-тұрысын көріп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сіздер көлікпен жүру қауіпсіздігін сақтауға толық құқыларыңыз бар.

 

Ешқашан, тіпті, өте қауіпсіз болса да, қандай да бір сақтау немесе басқа біреуге беру үшін біреудің қолынан зат алмаңыздар.

 

Адамдар аз (иесіз) жерде күдік тудыратын затты тауып алу сіздің сақтығыңызды әлсіретуге тиіс емес. Қаскөй адам оны бір нәрседен, біреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкін.

 

Тіпті, сіздің жарылғыш құрылғыларын білетін жеке тәжірибеңіз болса да,онымен бір нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздігінен жарылғыштар өте сезімтал және әккі болып келеді.

 

Күдік тудыратын затқа жақындамаңыздар, тіпті қол тигізбеңіздер, бұл - өмірлеріңізге өте қауіпті.

Балаларыңызға қауіпсіздік шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, үйде есік ашуға, жерде жатқан иесіз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын және т.б. үйретіңіздер.

 

Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда
халыққа арналған жаднама

Терроризм актілерін дайындау немесе жоспарлауды куәландыратынбелгілері:

 

  1. сіз жұмыс істейтін немесе үйдің ауласында, ғимарат айналасында (жиі баратын жеріңізді) күдікті тұлғалардың бірнеше рет көрінуі, фото және бейне түсірме жасауы, сондай-ақ дәптерге жазба жасау;
  2. құқық қорғау орган қызметкерлерімен кездесуден қашу және бейне камерадан бұлтару әрекеттері (басын түсіру, бұрылып кету, бетін жабу);
  3. жер төле және шатырларға техникалық қызмет көрсетуге қатысы жоқ тұлғалардың кіруі;
  4. тұрғын және әкімшілік ғимараттарға қызмет көрсететін персоналдар және күзетушілермен бейтаныс адамдардың негізсіз байланысқа түсуі, олардан жұмыс тәртібі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар және т.б. жөнінде мәліметтерді жинақтау;
  5. бөгде тұлғалармен маңызы төмен жұмыстарды (пакет, түйіншек, посылка беріп жіберу) ірі сыйақыға орындайтын тұлғаларды іздеуі.

Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда келесі іс-қимылды орындау қажет:

 

  1. Ұстауға өздігімен әрекет қабылдамау;
  2. Олар жөнінде құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлау;
  3. Өзіңіз назарға түспеу, тұлғалардың санын, нақты сыртқа белгілерін, киімдерін және оларда бар заттарды, қолдануындағы автокөлік номерін және маркасын, қозғалыс бағытын белгілеп алу.