КГП «Центральная районная больница Улытауского района» Управления Здравоохранения Карагандинской области
0
Р.Тулегенова

Тулегенова Роза Тулегеновна

 

Балалар дәрігері Тулегенова Роза Тулегенкызы Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылында дүниеге келген. Қарағанды Мемлекеттік Медициналық Институтын бітіріп, 1971 жылы интернатурадан өткен соң, арнайы жолдамамен 1972 жылы Ұлытау ауданының аудаандық орталық ауруханаға мамандығы бойынша педиатр болып жұмысқа орналасты.
Алматы қаласында 1975 жылы, 1987 жылы Армения мемлекетінің Ереван қаласында, 2007 жылы Қарағанды Медициналық Академиясынан білімін жетілдіру курстарынан өткен маман.
Осы еңбек жылдарында талай бала мен ана денсаулығын сақтау үшін  түн ұйқысын төрт бөліп, аянбай еңбек етті.  
Халқына сыйлы, отбасының ұйтқысы - 5 бала тәрбиелеп , өсірген ардақты ана!
Ерен еңбектері үшін облыстық, аудандық мақтау қағаздары және алғыс хаттарымен марапатталған маман болып табылады. «Ерен еңбек» медалімен марапатталған.
40 жылға тарта балалар дәрігері болып еңбек етіп зейнеткерлікке шықты, соған қарамастан әлі де еңбек етуде

 

Последнее обновление 24.11.14 16:22