«Ұлытау ауданының аудандық орталық ауруханасы» КМК Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы
0
Т. Бегаев

 

Бегаев Толеу Оразалинович

 

Бегаев Толеу Оразалинович 1942 жылдың 16-шы наурызында Ұлытау селосында дүниеге келген.
1959 жылы мектеп бітіріп, сол жылы Қарағанды медициналық училищесінің «Тіс емдеу» бөліміне түсіп, аталған оқу орнын «Тіс дәрігері» мамандығы бойынша бітіріп шықты.
1962 жылы тіс дәрігері болып Ұлытау аудандық ауруханасына жұмысқа орналасты.
1979 жылы «СССР медицина саласының үздігі» белгісімен, 1990 жылдың 1-ші наурызында «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Бірнеше мәрте «Тіс дәрігері» циклі бойынша білімін жетілдіру курстарынан өткен.
Зейнеткер, тіс дәрігері болып Ұлытау аудандық орталық ауруханасында жұмысын жалғастыруда.
Бегаев Толеу Оразалинович Ұлытау ауданының  сыйлы азаматы, еңбек зейнетін көріп, әлі де халыққа қызмет көрсетіп жүрген жан. Ауданға белгілі сыйлы азамат. Өз ісіне сенімді, білгір маман болып табылады.
Отбасында көп балалы, ардақты әке!