«Ұлытау ауданының аудандық орталық ауруханасы» КМК Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы
0
Қызмет көрсету

БЕКІТЕМІН КЕЛІСЕМІН
Ұлытау ауданының аудандық                                                  Қарағанды облысының
орталық ауруханасы                                                                  денсаулық сақтау басқармасы
директоры                                                                                   басшысы
Мазитов У.С. ___________________                                       Нурлыбаев Е.Ш.________________

 

Ақылы медициналық жәрдем көрсету туралы Ереже

  1. «Ұлытау ауданының аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ақылы медициналық жәрдем көрсетуге құқық беретін нормативтік-құқықтық актілер тізімі:

 

№ 193-IV3РК «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі

●  01.03.2011 жылғы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

30.12.2009 жылғы №2299 ҚР Үкімет Қаулысына сәйкес, «Денсаулық саутау ұйымдарындағы ақылы медициналық жәрдем көрету туралы Ережелерді бекіту туралы»

●  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 30 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 тамызда № 11960 болып тіркелген № 638 бұйрығы және 18 қыркүйек 2009 жылдағы  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 34 бап 4 пунктіне сәйкес.
● «Ұлытау ауданының аудандық орталық ауруханасы» КМК-ның Жарғысы

● Медициналық қызметтің медициналық әрекетпен айналысу үшін мемлекеттік лицензия, лицензия қосымшалары

  1. Ақылы медициналық қызмет түрлерінің тізімі:

 

«Ұлытау ауданының аудандық орталық ауруханасы» КМК-ның ақылы қызметінің
БАҒА КӨРСЕТКІШТЕРІ

 

Баға көрсеткіштері 2006 жылдың 6-шы қазанындағы № 965 «Денсаулық саутау ұйымдарындағы ақылы медициналық жәрдем көрету туралы Ережелерді бекіту және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарымен жүзеге асырылатын ақылы қызметтен түскен құралдарды пайдалану тәртібі туралы» ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес қатаң әрекет етеді.
Ақылы қызмет – денсаулық сақтау ұйымдарының аурулар профиліне және медициналық әрекет етуге арналған лицензияға сәйкетендірілген жағдайда жүзеге асырылады. Денсаулық сақтау ұйымдары ақылы қызметті келесі жағдайларда іске асыра алады:

● Ақысыз медициналық жәрдем көрсетудің кепілді көлемінің үстінен азаматтардың өз еріктерімен медициналық қаралу және емделу жүзеге асырылса; (2009 жылғы 19 қарашасындағы ҚР-ның №1889 Үкімет Қаулысымен бекіген ақысыз медициналық жәрдем көрсетудің кепілді көлемін міндетті түрде қарау)
● Шипажайлық емделудің бағыты сәйкестендірілмеген жағдайда;
● Медико-генетикалық зерттеулерде медициналық көрсеткіштердің болмаған жағдайында;
● Оқуға немесе жұмысқа тұру үшін 18 жасқа толған азаматтардың физиопроцедуралар және медициналық қаралуы кезінде;
● 18 жасқа толған азаматтарға  стоматологиялық қызметтер үшін;

 


 

КМК «Ұлытау аудандық орталық ауруханасы»

Б  Ұ  Й  Р  Ы  Қ
05.01.2016ж.                                                                                 № 3

«Ақылы медициналық қызмет көрсету туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.12.2009ж.№2299 «Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы медициналық қызмет көрсетудің тәртібі және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызмет көрсетуден түскен қаржыны пайдалану ережелерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес,

Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н :
1. Қазақстан Республикасы тұрғылықты жеріне қарамастан азаматтарға, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға аурулардың профиліне және дәрігерлік лицензиясына сәйкес ақылы медициналық қызмет көрсету.
Емханада ақылы медициналық қызмет көрсету жұмысы келесі жағдайларда іске асырылады.

  • емделушілердің ықыласы бойынша диагностикалық және емделу қызметін көрсету кезінде, соның ішінде алғашқы медико-санитарлық көмек және денсаулық сақтау басқармасы мамандарының жолдауынсыз;
  • негізгі (өмірлік маңызы бар) дәрі-дәрмектер тізіміне жатпайтын дәрілермен емделгенде;
  • ТМККК тізіміне жатпайтын қымбат медициналық зерттеулер жүргізгенде;
  • ТМККК тыс шетелдіктерге, азаматтығы жоқ тұлғаларға медициналық көмек көрсеткенде;
  • Жолдамасыз саниатрлық емделу кезінде;
  • Медициналық генетикалық зерттеулер кезінде;
  • Жұмысқа кірерде немесе оқуға түсерде азаматтарды медициналық тексеруден өткізу;
  • Келісім-шарт жасалған кәсіпорын қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсету;
  • Денсаулық сақтау өкілетті органдармен тағайындалған стандарттардан тыс басқа да қосымша медициналық қызмет көрсету.

 

 

  • Емхананың бас есепшісі  Жұмабаева Ж.И.

Қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес ақылы медициналық қызметтерге өзіндік құн есептеулер жүргізілсін.
Денсаулық сақтау басқармасында бағалардың бекітілуінен кейін 2016 жылға арналған ақылы медициналық қызметтердің баға көрсеткіштерін жедел түрде емхананың тіркеу орындарында және көрнекі ақпараттар арқылы тұрғындарға жеткізу.
Емделушілермен есеп айырылысуы емхананың кассасында, емделушіден алған соманы кассалық аппаратқа енгізе отырып (емделушіге чек берілуі тиіс) жүргізілуі керек.Тұрғындардан алынған ақша Ұлытау ауданының Халықтық банкінің «Ақылы қызметтен түскен қаржы» KZ096010171000156728  ағымдағы шотына түседі.
Зерттеу немесе емделу тоқтатылған жағдайда емделушіге ақшасы қайтарылып беріледі.
Касса аппараты бұзылған жағдайда ұсынылған ақылы қызмет үшін төлем ақы тікелей қызмет көрсетілген кабинетте емделушінің қолы қойылып барып ғана алынады.
Кабинеттерде ақылы қызметтерге арналған журнал (нөмірленген,тігілген,директордың қолы қойылып,емхананың мөрі басылған) болуы тиіс.
Ақылы медициналық қызмет көрсетуде емделушілермен есеп айырысуды жүргізу үшін жауаптыларды тағайындау:
1. Шаяхметова Б.                            аға медбибі
2. Сейтмағанбетова С.                   ЭКГ каб.медбикесі
3. Рашат Е                                    қарайтын бөлме мейіргері
4. Мырзаханова Ж  .                       лаборант
5. Мазитов У                                   оташы
6. Арман Е.А                                   рентген лаборант
7. Джансымахова А                        терапевт дәрігері
8. Алимжанова Н                            тіркеу орыны
9. Жакупбекова С                           стоматолог
10.Нуржигитова А                          оташы медбибісі
11.Жанбиршиева З.Ж                     тері ауру дәрігері, психиатр
12.Муканова Ж                                акушерка
13. Абилова Б.Х.                              нарколог
14.Наурызбаева А                            невропотолог

Ұсынылған қызмет үшін төлем ақы облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бекітілген баға көрсеткіштерісәйкес алынуы керек.
Кассир Шаяхметова Б. Ұсынылған ақылы қызмет үшін алынған ақшалай қаражатты күн сайын банкке тапсыруы керек.
Касса аппараты бұзылған жағдайда кабинеттердегі емделушілердің қол қойып төлеген ақшалай қаражатты күн сайын бас бухгалтерге тапсыруы қажет.

 

 

  • Төлем ақыны жеңілдікпен төлейтін тұрғындар санатының тізімі:
  • Ұлы Отан Соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне – тегін.
  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге – тегін.
  • 1-2 топтағы мүгедектерге – 50%
  • Көпбалалы аналарға - 50%
  • Чернобылшылар мен Ауғаныстан соғысына қатысқандарға - 50%
  • Оралмандарға – тегін.

 

  • Емхананың құрылымдық бөлімдерінің басшыларына және медициналық қызметкерлеріне.

Кепілдік көлемінде ұсынылатын тегін медициналық жәрдемді реттеу нормативтік құқық актілерін қатаң басшылыққа алу.
Емхана қызметкерлері емделушілерден ұсынылған медициналық қызметтері үшін ақшалай қаражат алған жағдайда ҚР жемқорлық заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Ұсынылған кепілдік тобына жататын медициналық жәрдем үшін ақшадай қаражатты қорқытып алуға қатысқан тұлғалар айқындалған жағдайында:

  • Кінәлі тұлғамен еңбек шарт бұзылады сонымен қатар ҚР заңнамасына сәйкес материалдық жауапкершілікке тартылады.
  • Әрбір осындай жағдайда ҚОДБ ТАӨ, құқық сақтау орындарына хабарлау керек.
  • Әрбір медициналық қызметкерді осы бұйрықпен қол қойғыза отырып таныстыру керек.
  • Осы бұйрықтың орындалуын қадағалауды өз жауапкершілігіме аламын.

 

 

Ұлытау ауданының аудандық
орталық ауруханасы директоры:                                           У.С.Мазитов