КГП «Центральная районная больница Улытауского района» Управления Здравоохранения Карагандинской области
0
Б. Шаяхметова

Шаяхметова Бейбіткүл Шаяхметқызы

 

Шаяхметова Бейбіткүл Шаяхметқызы 1953 жылдың 27 қарашасында Ұлытау ауылында дұниеге келген. 
Жезқазған қаласының медициналық колледжін 1973 жылы  «жалпы профильдегі медбибі» мамандығы бойынша бітіріп, Ұлытау ауданының ауруханасында алғашқы қызмет жолын клиникалық лаборантка болып бастады.
1975 жылы Қарағанды қаласында Денсаулық сақтау орталығында «Клиникалық лабораториялық зертханашы» ретінде білімін жетілдіру курсында болды. Содан кейін бірнеше мәрте білімін  жетілдіру курстарынан өткен.
1975-1995 жж. аралығында осы мамандығы бойынша қызмет атқарды.
Өз ісіне өте тиянақты, жауапты, ортасына сыйлы азаматша. 
Бейбіткүл Шаяхметқызы – зерек, сауатты, өзінен кейінгі буынға, жас мамандарға өз білімін үйретуден, тәжірибе бөлісуден жалықпайтын, білікті жетекші маман.
1998 жылдан бастап аудандық орталық ауруханасының аға мейірбикесі болып тағайындалды. Әріптестері арасында ұстамдылығымен, сыпайылығымен ерекшеленеді. Жанұясында 5 бала тәрбиелеп өсірген мейірімді ана! 
Бірнеше мәрте облыстық, аудандық дәрежедегі марапат қағаздарының иегері болып табылады.
2012 жылы Қазақстан Республикасының  Денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығымен «Халық денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі, мінсіз еңбегі үшін» министр С. Қайырбекованың алғыс хатымен марапатталды.