Ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына адамның тірі кезінде ерік білдіруін беру және бұл жөнінде жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарының бірін хабардар ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-308/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 желтоқсанда № 21859 болып тіркелді
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 212 - бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10 - бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына адамның тірі кезінде ерік білдіруін беру және бұл жөнінде ол туралы жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарының бірін хабардар ету қағидалары бекітілсін.
- Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице - министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы |
А. Цой |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
|
Қазақстан Республикасы |
Ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына адамның тірі кезінде ерік білдіруін беру және бұл жөнінде жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарының бірін хабардар ету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына адамның тірі кезінде ерік білдіруін беру және бұл жөнінде жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарының бірін хабардар ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 212 - бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10 - бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына адамның тірі кезінде ерік білдіруін беру және бұл жөнінде жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарының бірін хабардар ету тәртібін айқындайды.
- Трансплантаттау мақсатында қайтыс болғаннан кейін ағзаларын (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндерін (тін бөлігінің) алудан бас тарту немесе келісімі туралы адамның ерік білдіруін тіркеу медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға (бұдан әрі – МСАК) тікелей жүгіну кезінде немесе "электрондық үкімет" веб - порталында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту немесе келісу құқығын жүзеге асыруға ерікті түрде ниет білдірген кәмелетке толған және іс - әрекетке қабілетті адамдардың деректер базасы – тіркелімінде жүргізілуі мүмкін.
- Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына құқық білдірген азаматтардың тіркелімі (бұдан әрі – Тіркелім) – "Бекітілген халық тіркелімі" (бұдан әрі – БХТ) мемлекеттік ақпараттық жүйесіндегі модуль түрінде құрылған, трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту немесе келісім беру құқығын жүзеге асыруға ерікті түрде ниет білдірген, кәмелетке толған және іс - әрекетке қабілетті адамдардың деректер базасы;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) қайтыс болғаннан кейінгі донор - он сегіз жастағы және одан үлкен, миының біржола семуі расталған, ағзалары (ағзасының бөлігі) және (немесе) тіні (тіннің бөлігі) реципиентке трансплантаттау үшін пайдаланылуы мүмкін адам;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
6) мидың біржола семуі – ағзалардың функцияларын қолдау жөніндегі шаралар жүргізілуі мүмкін, мидың бүкіл заттарының семуімен қатар жүретін, ми қызметінің толықтай жоғалуы;
7) өтініш беруші (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) – трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту немесе келісім беру құқығын жүзеге асыруға ерікті түрде ниет білдірген, кәмелетке толған және іс-әрекетке қабілетті адам;
8) өңірлік трансплантаттауды үйлестіруші – Үйлестіру орталығының штаттағы қызметкері болып табылатын, облыс орталықтарындағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау саласындағы медициналық ұйымдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін дәрігер;
9) республикалық трансплантаттауды үйлестіруші (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) – Трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығының штаттағы қызметкері болып табылатын, өңірлік трансплантаттауды үйлестірушілердің жұмысын үйлестіруді және трансплантаттау қызметінің мәселелері жөніндегі медициналық ұйымдардың ведомствоаралық тиімді өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін дәрігер;
10) Трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығы – ағзаларды (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндерді (тін бөлігіннің) трансплантаттауды үйлестіру және сүйемелдеу мәселелерімен айналысатын денсаулық сақтау ұйымы, ол туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.
11) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
- Дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау Кодекске және "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 23 және 29 - бабтарына сәйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. Ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына адамның тірі кезінде ерік білдіруін беру және бұл жөнінде жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарының бірін хабардар ету тәртібі
- "Трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту немесе келісім алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) МСАК немесе "электрондық үкімет" веб - порталында (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы тіркелу орны бойынша көрсетілетін қызметті беруші жүгінеді және осы Қағидаларға 1, 2 - қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тартуды немесе келісім алуды тіркеу үшін өтініш толтырады.
- Процестің сипаттамаларын, көрсету нысанын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай - ақ, мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері есепке алынған басқа мәліметтер "Трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту немесе келісім алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде осы Қағидаларға 3 - қосымшаға сәйкес келтірілген.
- Көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді қабылдау, Тіркелімде өтініштерді тіркеу және тіркеу туралы анықтамалар беру үшін жауапты тұлғаны бірінші басшының бұйрығы арқылы бекітеді.
- Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін ұсынған, оны БХТ - ға тіркелгенін растаған және дербес деректері сәйкес келген жағдайында МСАК жауапты адамы тіркелімге мынадай деректерді:
1) көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН);
2) өтініштің электрондық көшірмесін (сканерден өткізілген құжат) енгізеді.
- Тіркелімде көрсетілетін қызметті алушының мынандай өтініштері тіркеледі:
1) трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту туралы;
2) трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына тірі кезінде келісім туралы.
- Мәліметтерді Тіркелімге енгізгеннен кейін МСАК жауапты адамы бір жұмыс күні ішінде мөрмен бекітілген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 1, 2 - қосымшаларға сәйкес нысан бойынша МСАК басшысының қолы қойылған, трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тартуын немесе келісім беруін тіркеу туралы тиісті анықтаманы береді.
- Көрсетілетін қызметті алушы тізімге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбаған және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда МСАК ұйымының жауапты адамы өтінішті қабылдаудан бас тартады.
- Өтініш электрондық түрде берілген кезде жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық форматта алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ - мен қол қойылған порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті қалыптастырады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жіберіледі.
- Заңның 5 - бабы 2 - тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызмет сатысы туралы деректерді енгізу "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) қамтамасыз етіледі.
- Денсаулық сақтау ұйымдарына және мамандарына ақпараттық қызметтер көрсететін республикалық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі – ақпараттық қызмет жөніндегі ұйым) трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына азаматтардың тірі кезінде ерік білдіруін тіркеу және есепке алу үшін:
1) уәкілетті адамдарына ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына құқық білдірген азаматтар туралы мәліметтерді қарау құқығымен Тіркелімге уәкілетті орган Кодекстің 210 - бабының 4 - тармағына сәйкес тәртібімен рұқсат береді;
2) ақпараттық қызмет жөніндегі ұйымның филиалдары "Ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына құқық білдірген азаматтар тіркелімінің әкімшісі" ретінде МСАК жауапты қызметкерлеріне тіркелімге рұқсат береді.
- МСАК өтініш берушінің қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа тірі кезінде ерік білдіруін тіркеу және өтінішті тіркеу туралы анықтама беру мақсатында ақпараттық қызмет жөніндегі ұйымның филиалдарына оларға Тіркелімге рұқсат беру үшін тағайындау туралы бұйрықтардың көшірмелерімен бірге өзінің жауапты қызметкерлерінің тізімдерін ұсынады.
- Трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығы ақпараттық қызмет көрсету жөніндегі ұйымға қайтыс болғаннан кейінгі донордың тірі кезінде ерік білдіруінінің мәліметтерін қарау мақсатында Тіркелімге қол жеткізуді ұсыну үшін тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесімен бірге уәкілетті тұлғалардың тізімін ұсынады.
- Трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына тірі кезінде келісімі болған жағдайында, өңірлік трансплантаттаушы үйлестіруші ол жөнінде жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарының бірін алты сағат ішінде хабардар етеді және танысуға бұл туралы Тіркелімнен көшірмесін ұсынады, танысудан бас тартқан жағдайда сол туралы акт жасайды.
- Жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарының бірін хабардар еткен соң, олар қайтыс болған адамның мәйітінен ағзаларды алуға келіспеуі немесе келісуі туралы осы Қағидаларға 4 - қосымшаға сәйкес жазбаша нысанда мәлімдеме береді.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым келтіру тәртібі
- Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
- Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсетушінің атына келіп түскен шағымы Заңның 25 - бабының 2 - тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
- Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
- Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сот тәртібінде шағым келтіре алады.
|
ағзалардың (ағза бөлігінің) және |
|
Нысан |
Трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тартуды тіркеуге арналған өтініш
Мен,________________________________________________________________
(адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Туған күні _____ "___" ___________________
ЖСН________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жеке басын куәландыратын құжаттың №, кіммен және қашан берілген)
Мен трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің
(тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезімде бас тартамын.
Дербес деректерімді енгізуге, жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін.
_____________________________________________________ /___________/
(адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
20______жылғы "___" ___________________
Қол қойылған күні
|
ағзалардың (ағза бөлігінің) және |
|
Нысан |
Трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына келісімді тіркеуге арналған өтініш
Мен,________________________________________________________________
(адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Туған күні ___________ "_____" ________________
ЖСН________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жеке басын куәландыратын құжаттың №, кіммен және қашан берілген)
Төмендегі мүмкін нұсқалардың біреуін таңдаңыз:
- Менің қайтыс болғандығым туралы факті белгіленген жағдайда кез келген ішкі ағзаларым және тіндерім трансплантаттау үшін алынуы мүмкін екенін растаймын (керегін белгілеу).
- Төмендегілерден басқа, барлық ағзаларымды алуға болады (керегін белгілеу):
жүрек ____________________________________________________________
бауыр ____________________________________________________________
бүйрек ___________________________________________________________
ұйқы безі _________________________________________________________
өкпе______________________________________________________________
көз алмалары ______________________________________________________
тіндер (тері, бұлшық еттер, шеміршек, сүйек тіні, қан тамыры)
Менің дербес деректерімді енгізуге, жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін.
_________________________________________________ /______________/
(адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы ,
20____жылғы "____" _____________
Қол қойылған күні
|
ағзалардың (ағза бөлігінің) және |
|
Нысан |
"Трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту немесе келісім алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Медициналық - санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымы. |
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) Мемлекеттік қызметті медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар; |
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсету мерзімі - 1 (бір) жұмыс күні ішінде; |