Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 19 мамырда № 20665 болып тіркелді.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық-әлеуметтік көмек департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы |
|
Денсаулық сақтау министрі |
Е. Биртанов |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
_____________________А. Жұмағалиев
2020 жылғы " "_________________
|
Қазақстан Республикасы |
"Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы "Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметті денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы электрондық сұрау салуды береді, онда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі, бұл ретте жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
- Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушы өзіне қатысты, сондай-ақ басқа тұлғаға қатысты "электрондық үкімет" веб-порталында пайдаланушының кабинетінен берілген оның келісімін алғаннан кейін не "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген тұлғаның ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік паролін беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен алуы мүмкін.
- Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартында баяндалған.
- Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
- Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу автоматтандырылған.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
- Көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
- Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
- Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:
1) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
2) жеке сәйкестендіру нөмірі;
3) пошталық мекенжайы және байланыс телефоны.
- Шағымның қабылданғанын растау күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
- Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
- Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинеттен" өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпаратқа (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қол жеткізе алады.
- Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінуге құқығы бар.
|
"Туберкулезге қарсы |
"Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. |
Қызмет берушінің атауы |
Денсаулық сақтау ұйымдары |
||
2. |
Көрсетілетін қызметті алушының атауы |
Жеке тұлғалар |
||
3. |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы |
||
4. |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Көрсетілетін қызметті алушы порталға сұрау берген сәттен бастап – 30 (отыз) минут |
||
5. |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық |
||
6. |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Осы стандартқа қосымшаға сәйкес (туберкулезбен ауыратын науқастардың диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны жағдайы туралы) анықтама |
||
7. |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
||
8. |
Жұмыс кестесі |
Портал жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы. |
||
9. |
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі |
Электрондық сұрау салу |
||
10. |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Сұрау салу жасалған адамның келісімінің болмауы |
||
11. |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
||
|
"Туберкулезге қарсы |
|
||
|
Нысаны |
|
||
Анықтама/Справка
Берілген күні ______________________________________________
Дата выдачи
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) ___________________________________
Ф.И.О. (при его наличии)
Туған күні __________________________________________________
Дата рождения
Мекенжайы _________________________________________________
Адрес (место жительства)
Диспансерлік есепте тұратыны ________тұрады/тұрмайды___________
На диспансерном учете
Деректер___________________________ақпараттық жүйесімен берілген
Данные предоставлены информационной системой ___________________
|
Қазақстан Республикасы |
"Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Психоневрологиялық қарсы ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
- Мемлекеттік қызметті денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы электрондық сұрау салуды береді, онда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі, бұл ретте жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
- Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушы өзіне қатысты, сондай-ақ басқа тұлғаға қатысты "электрондық үкімет" веб-порталында пайдаланушының кабинетінен берілген оның келісімін алғаннан кейін не "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген тұлғаның ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік паролін беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен алуы мүмкін.
- Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартында баяндалған.
- Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
- Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу автоматтандырылған.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
- Көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
- Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
- Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:
1) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
2) жеке сәйкестендіру нөмірі;
3) пошталық мекенжайы және байланыс телефоны.
- Шағымның қабылданғанын растау күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
- Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
- Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинеттен" өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпаратқа (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қол жеткізе алады.
- Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінуге құқығы бар.
|
"Психоневрологиялық |
"Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. |
Қызмет берушінің атауы |
Денсаулық сақтау ұйымдары |
||
2. |
Көрсетілетін қызметті алушының атауы |
Жеке тұлғалар |
||
3. |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы |
||
4. |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Көрсетілетін қызметті алушы порталға сұрау берген сәттен бастап – 30 (отыз) минут |
||
5. |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық |
||
6. |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы диспансерлік бақылауда тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтама. |
||
7. |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
||
8. |
Жұмыс кестесі |
Портал жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы. |
||
9. |
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі |
Электрондық сұрау салу |
||
10. |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Сұрау салу жасалған адамның келісімінің болмауы |
||
11. |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
||
|
"Психоневрологиялық |
|
||
|
Нысаны |
|
||
Анықтама/Справка
Берілген күні ______________________________________________
Дата выдачи
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) ___________________________________
Ф.И.О. (при его наличии)
Туған күні __________________________________________________
Дата рождения
Мекенжайы _________________________________________________
Адрес (место жительства)
Диспансерлік есепте тұратыны ________тұрады/тұрмайды___________
На диспансерном учете
Деректер___________________________ақпараттық жүйесімен берілген
Данные предоставлены информационной системой ___________________
|
Қазақстан Республикасы |
"Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
- Мемлекеттік қызметті денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы электрондық сұрау салуды береді, онда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі, бұл ретте жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
- Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушы өзіне қатысты, сондай-ақ басқа тұлғаға қатысты "электрондық үкімет" веб-порталында пайдаланушының кабинетінен берілген оның келісімін алғаннан кейін не "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген тұлғаның ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік паролін беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен алуы мүмкін.
- Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет стандартында баяндалған.