«Ұлытау ауданының аудандық орталық ауруханасы» КМК Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы
0
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойыл

Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 желтоқсанда № 21847 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

       "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 221-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мыналар:

       1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидалары және қосымша және бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидалары;

       2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары.

  1. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

       1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

       3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі

А. Цой

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

      "____"________________2020 жыл

 

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 21 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-303/2020 Бұйрығына
1 қосымша

 Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидалары және қосымша және бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидалары

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 221-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың қосымша және бейресми білім беру бағдарламаларын іске асыру және қосымша және бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) бағалау жөніндегі ұйым - денсаулық сақтау саласындағы білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган аккредиттеген ұйым;

      2) біліктілікті арттыру - бұрын алған кәсіптік білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге, сондай-ақ негізгі мамандық ішінде жаңа (қосымша) құзыреттерді игеруге мүмкіндік беретін қосымша білім беру нысаны;

      3) білім беру бағдарламасы - оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені;

      4) білім беру бағдарламалары каталогының ақпараттық жүйесі - осымша білім берудің барлық бағдарламаларын есепке алудың бірыңғай ақпараттық ортасын қалыптастыруға және өзектендіруге арналған автоматтандырылған ақпараттық платформа;

      5) денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша білім беру (бұдан әрі – қосымша білім беру) – кәсіптік білімді, машықтар мен дағдыларды қолдау, кеңейту, тереңдету және жетілдіру, сондай-ақ жаңа (қосымша) құзыреттерді игеру үшін денсаулық сақтау кадрларының білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын оқыту процесі;

      6) денсаулық сақтау саласындағы маман - кәсіптік медициналық және (немесе) фармацевтикалық білімі бар және медициналық және (немесе) фармацевтикалық практиканы немесе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;

      7) оқу нәтижелерін тану – мемлекеттік органның қосымша және формальды емес білім беру нәтижелерінің оның иесін кәсіби қызметте пайдалану мақсатында маңыздылығын растауы;

      8) оқыту нәтижелері - қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламасы шеңберінде меңгерілген кәсіптік құзыреттердің білімі мен дағдыларын оң бағалаумен расталған;

 

      9) сараптау ұйымы – білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдар іске асыратын денсаулық сақтау саласындағы біліктілікті арттыру бағдарламаларына сараптаманы жүзеге асыру үшін медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым;

      10) сертификаттау курсы – негізгі мамандық шеңберінде тар мамандану бойынша қосымша кәсіптік білімді, машықтар мен дағдыларды кеңейтуге, тереңдетуге және қалыптастыруға бағытталған қосымша білім беру нысаны;

      11) тағылымдама – теориялық дайындық нәтижесінде алынған кәсіптік білімді, іскерлік пен дағдыны практикада қалыптастыруға және бекітуге, сондай-ақ одан әрі кәсіптік қызмет үшін жұмыстың өзіндік ерекшелігін, озық тәжірибені зерделеуге бағытталған бейресми білім беру нысаны;

      12) тыңдаушы – қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымға оқуға қабылданған тұлға;

      13) формальды емес білім беру – оқу орны, мерзімі мен нысаны есепке алынбай көрсетілетін білім беру қызметтерін көрсететін ұйымдарымен жүзеге асыралатын және оқыту нәтижелерін растайтын құжат берілетін білім беру түрі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.05.2021 № ҚР ДСМ-46 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  1. Кодексінің 221-бабының 6-тармағына сәйкес қосымша және формальды емес білім беруді жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ұлттық және ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары медициналық колледждер аккредиттелген клиникалық базалардың, денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылым ұйымдары клиникаларының, қосымша және (немесе) формальды емес білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен университет ауруханаларының (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) базасында жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.05.2021 № ҚР ДСМ-46 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  1. Қосымша білім беру бюджет, жұмыс беруші қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

      Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен шетелдік ұйымдарға қосымша білім беруге мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында және коммерциялық емес медициналық білім беру ұйымдарының клиникаларында жұмыс істейтін денсаулық сақтау саласындағы мамандар жіберіледі.

 

  1. Қосымша білім беру бағдарламаларын игеру тыңдаушының жұмыстан қол үзіп немесе жартылай қол үзіп оқу арқылы жүргізіледі. Жұмыстан жартылай қол үзіп игеру жағдайында кадрлар жұмысын толық емес жұмыс уақытында орындай алады және сонымен қатар қосымша білім беру нысандарының бірі бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10768 болып тіркелген) қашықтықтан білім беру оқытуды бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларымен белгіленген тәртіпте қашықтықтан білім беру оқытуды қолдана отырып, оқиды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.05.2021 № ҚР ДСМ-46 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша білім беру тәртібі

  1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша білім беру қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары каталогының ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – каталог) жарияланған білім беру бағдарламаларының тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

       Каталогты сараптама ұйымы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде қалыптастырады, жариялайды және өзектендіреді.

      Қосымша білім берудің білім беру бағдарламасын (бұдан әрі – бағдарлама) каталогқа енгізу және жариялау төрт кезеңде жүргізіледі:

      1) каталогтың ақпараттық жүйесінде денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымынан өтінім беру;

      2) өтінімді қарау және бағдарламаға сараптама тағайындау;

      3) бағдарламаны сараптау;

      4) каталогта бағдарламаны жариялау және өзектендіру

  1. Қосымша білім беру бағдарламалары мазмұны мен бағытына (мақсатына) қарай:

      1) біліктілікті арттыру бағдарламалары салалық біліктілік шеңберіне және денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарттарға сәйкес кәсіптік құзыреттерді қолдауға, тереңдетуге және жетілдіруге бағытталған;

      2) сертификаттау курсы негізгі мамандық бағыты бойынша жаңа кәсіби құзыреттерді кеңейтуге және (немесе) игеруге бағытталған.

  1. Біліктілікті арттыру бағдарламалары осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес төрт деңгейге бөлінеді.

 

  1. Қосымша білім беру бағдарламаларының ұзақтығы біліктілікті арттыру үшін 2 кредиттен (60 сағат) 9 кредитке (270 сағат) дейін, сертификаттау курстары үшін 10 (300 сағат) және одан да көп кредитті құрайды. Бір кредит 30 академиялық сағатқа тең.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.05.2021 № ҚР ДСМ-46 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  1. Қосымша білім беру бағдарламалары тыңдаушыларының бастапқы (бастапқы) білім деңгейін анықтау үшін базистік, оқыту кезінде - ағымдағы, оқу аяқталғаннан кейін - қорытынды бақылау жүргізіледі.

       Тыңдаушыларды базистік және ағымдағы бақылауды Білім беру ұйымдары жүргізеді. Тыңдаушыларды қорытынды бақылауды Кодекстің 223-бабының 6-тармағына сәйкес айқындалған тәртіппен сертификаттау курстарының бағдарламалары бойынша бағалау жөніндегі аккредиттелген ұйым жүргізеді.

  1. Бағдарламаны меңгерген тыңдаушыларға қорытынды бақылаудың оң нәтижесі бойынша (шекті балдан жоғары) :

       1) біліктілікті арттыру – осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік беріледі;

       2) сертификаттау курстарында – осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша маман меңгерген білім мен дағдылардың тізбесін қамтитын қосымшасы (транскрипт) бар сертификаттау курсы туралы куәлік беріледі.

      Қосымшасыз сертификаттық курс туралы куәлік (транскрипт), оның ішінде шетелде алынғандар да жарамды емес.

       3) шекті балдан төмен қорытынды бақылау нәтижесі бар тыңдаушыларға қайталама қорытынды бақылау тағайындалады. Қорытынды бақылаудың шекті балдан төмен нәтижесін қайта алған кезде тыңдаушыларға осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша игерілген бағдарламаның көлемін көрсете отырып, қосымша білім алғандығы туралы анықтама беріледі.

  1. Шетелде қосымша білім беру бағдарламаларынан өткен денсаулық сақтау саласындағы мамандар қосымша білім туралы құжатты қосымшасымен (транскрипт) ұсынады.

      Шет тілінде берілген құжатқа мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы қосымша ұсынылады.

  1. Тыңдаушыны біліктілігін арттыру циклдеріне қабылдауға өтініштерді қабылдауды, сондай-ақ біліктілікті арттырудан өту туралы құжаттарды беруді қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық форматта (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде жүзеге асырады
  2. "Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттырудан өткені туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) денсаулық сақтау саласындағы білім ұйымдарымен (бұдан әрі – қызмет беруші) көрсетіледі.

       Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште беру көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгіне жолымен не көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуы негізінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық форматта жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қыметтің нәтижесі туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтанбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады стандарттың 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша қызмет.
  2. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, қызмет беруші бір жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын хабардар етеді.

      Бұл ретте оператор Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде техникалық проблема туралы хаттаманы толтырады және оған қызмет берушімен бірге қол қояды.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

 3-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға формальды емес білім беру тәртібі

  1. Медицина қызметкерлеріне тағылымдамалар нысанында формальды емес білім беруді жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ұлттық және ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары медициналық колледждер аккредиттелген клиникалық база, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникалары, университеттік ауруханалар базасында жүзеге асырады.
  2. Формальды емес білім беру келесі нысандарда жүзеге асырылады: семинарлар, тренингтер, мастер-кластар, тағылымдамалар, вебинарлар, онлайн курстар.
  3. Тағылымдаманың, семинардың, тренингтің, мастер-класстың, вебинардың, онлайн курстың ұзақтығын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымы дербес айқындайды.
  4. Бейресми білім алуды аяқтаған денсаулық сақтау саласындағы мамандарға бейресми білім алу туралы куәлік беріледі.

 4-тарау. Қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидалары

  1. Денсаулық сақтау саласындағы маманның қосымша және бейресми білім беру арқылы алған оқу нәтижесі:

      1) қосымша білім беру:

      біліктілікті арттыру туралы куәлік;

      қосымшасы бар сертификаттық курс туралы куәлік (транскрипт);

      2) формальды емес білім беру:

      тағылымдаманың жеке жоспарының орындалуы туралы есеп, тағылымдама барысында алған білімі, іскерлігі мен дағдылары туралы ақпарат, тағылымдама қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімше басшысының денсаулық сақтау саласындағы маманға пікірі;

      семинар, тренинг, мастер-класс, вебинар, онлайн курстан өткені туралы куәлік;

      аккредиттелген бағалау ұйымының өзін-өзі бағалауының оң нәтижесі.

  1. Қосымша білім беру құжаты біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларын және (немесе) сертификаттық курсты қорытынды бақылаудың оң нәтижесі (шекті балдан жоғары) негізінде беріледі.
  2. Шетелдік қосымша және бейресми білім беру ұйымы берген қосымша және формальды емес білім туралы құжат мынадай талаптар сақталған кезде Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады:

      Қосымша білім беру үшін:

      1) қосымша білім беру атауының мәлімделген мамандыққа сәйкестігі;

      2) қосымша білім беру бағдарламалары ұзақтығының денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша білім беру қағидаларының 9-тармағына сәйкес келуі;

      3) игерілген бағдарламаның кредиттерін (сағаттарын) және құзыреттер тізбесін көрсете отырып, қосымша білім беру куәлігіне (транскрипт) қосымшаның болуы.

      Формальды емес білім беру үшін:

      1) тағылымдама қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маманға құрылымдық бөлімше басшысының сертификаты немесе пікірі.

  1. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 41) тармақшасына сәйкес қосымша және формальды емес білім беруді оқытудың расталған нәтижелерін таниды.

 

Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарға қосымша және
формальды емес білім беру
қағидаларына
1-қосымша

 Қосымша білім беру бағдарламаларының каталогы

Ұйымның атауы

Бағдарламаның атауы

Бағдарламаның мақсаты

Бағдарламаның ұзақтығы (кредитпен)

Нысаналы топ

Бағдарлама сәйкес келетін салалық біліктілік шеңберіндегі біліктілік деңгейі

Бағдарлама сәйкес келетін салалық біліктілік шеңберіндегі біліктілік деңгейі.

1

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

 

Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарға қосымша және
формальды емес білім беру
қағидаларына
2-қосымша

 Біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларының деңгейлері

 

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі, жылдармен

0-1

1-2

2-3

3-5

 

5-7

7-10

 

10-13

13-15

 

15-16

16-20

 

20-25

 

25-тен жоғары,
әрі қарай әр 5 жыл сайын

Біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларының деңгейлері (базалық, орта, жоғары, мамандандырылған)

Базалық деңгей:
кәсіптік қызметтің жалпы мәселелеріне сәйкес келетін біліктілікті арттыру циклдері

 
Орташа деңгей:
кәсіби қызметтің тереңдетілген мәселелеріне сәйкес келетін біліктілікті арттыру

 
Жоғары деңгейі:
кәсіптік қызметтің инновациялық, озық технологияларының тереңдетілген мәселелеріне сәйкес келетін біліктілікті арттыру

 
Жоғары деңгейі:
кәсіптік қызметтің инновациялық, озық технологияларының тереңдетілген мәселелеріне сәйкес келетін біліктілікті арттыру

 
Мамандандырылған деңгей: халықаралық немесе шетелдік оқыту
кәсіптік қызметтің инновациялық, озық жоғары технологиялық медициналық қызметтеріне

 
Мамандандырылған деңгей:
халықаралық немесе шетелдік оқыту
кәсіптік қызметтің инновациялық, озық жоғары технологиялық медициналық қызметтеріне

 

Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарға қосымша және
формальды емес білім беру
қағидаларына
3-қосымша

 

 

нысан

 

 Біліктілікті арттыру туралы куәлік  № ______

       Осымен _________________________________________________,

       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

       20 ___ жылғы "____" __________ бастап "____" ____________ дейін

       _________________________________________________ мамандығы бойынша

       ______________________________________________________ циклі бойынша

      _____________ сағат көлемінде біліктілікті арттырудан өткенін куәландырады

       біліктілік деңгейі _____________________________________________________

      (бірінші,екінші,үшінші - көрсету)

       ___________________________________________________________________

       (оқытқан ұйымның атауы)

       ___________________________________________________________________

      (басшының Т.А.Ә. (бар болса), қолы)

       Біліктілікті арттыру бағдарламасы сәйкес келетін Салалық біліктілік шеңберіндегі

      біліктілік деңгейі _____________

      Мөрдің орны Берілген күні 20___ жылғы "____" ______________

 

Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарға қосымша және
формальды емес білім беру
қағидаларына
4-қосымша

нысан

 Сертификаттау курсы туралы куәлік  № ______

       Осымен _________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

       20 ___ жылғы "____" __________ бастап "____" ____________ дейін

 

Толығырақ оқу...