«Ұлытау ауданының аудандық орталық ауруханасы» КМК Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы
0
Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу...

Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 544 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 шілдеде № 11795 болып тіркелді.

       "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 80-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

 

      Денсаулық сақтау және

 

      әлеуметтік даму министрі

Т. Дүйсенова

 

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 маусымдағы
№ 544 бұйрығымен бекітілген

 Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидалары

       Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.05.2020 № ҚР ДСМ-46/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 80) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелде емдеуге жіберу тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидалар пациенттер өз бетінше шетелдік медициналық ұйымдарға емделуге барған жағдайларға қолданылмайды.

  1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттары бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      2) комиссияның жұмыс органы – Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мәселелері бойынша үйлестіруші орган (бұдан әрі – Жұмыс органы);

      3) комиссия – уәкілетті орган құратын, оның құрамына уәкілетті органның өкілдері, арнайы мамандандықтардың дәрігерлері, үкіметтік емес ұйымдар мүшелері кіретін бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге Қазақстан Республикасының азаматтарын жіберу жөніндегі сараптама комиссиясы;

      4) уәкілетті органның қарамағындағы республикалық денсаулық сақтау ұйымы-денсаулық сақтау ұйымдары, автономды білім беру ұйымдарының денсаулық сақтау ұйымдары, медициналық білім беру ұйымдары;

      5) бейнеконференцбайланыс – нақты уақыт режимінде бірнеше қашықтағы абоненттердің аудио - және бейнеақпаратпен алмасу мүмкіндігімен интерактивті өзара іс-қимылы үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланумен байланыс қызметі;

      6) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-ЖСН) - жеке тұлға, соның ішінде өзіндік кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір.

 2-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) денсаулық сақтау субъектілері арқылы көрсетеді. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес республикалық денсаулық сақтау ұйымының пациентті бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу туралы қорытындысы түрінде өтініштерді қабылдауы және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруі көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

       Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартында келтірілген.

  1. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар:

      1) еркін нысандағы өтініш;

      2) жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат;

      3) пациенттің сырқатнамасынан үзінді көшірме (жарамдылық мерзімі кемінде 30 (отыз) жұмыс күні.);

  1. Мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мәліметтерді тапсырған сәттен бастап - 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Өтініш беруші еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

  1. Пациентті бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу туралы республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысын алудан бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) жеке тұлға мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

      2) жеке тұлғаның осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынбауы.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және(немесе) дұрыс емес құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты тұлғасы өтінішті қабылдаудан бас тартады.

  1. Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Республикалық денсаулық сақтау ұйымына осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жібереді.

       Республикалық денсаулық сақтау ұйымы құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде республикалық денсаулық сақтау ұйымының пациентті бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу туралы қорытындысын шығарады және оны көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің маманы Республикалық денсаулық сақтау ұйымының пациентті бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу туралы қорытындысын көрсетілетін қызметті алушыға бір жұмыс күні ішінде береді.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай не 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына шағым беру арқылы шағымданады.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) көрсетіле отырып, шағымның тіркелуі, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңесінде оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілетін қызметті берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымымен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілген қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің dsm.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары Министрліктің dsm.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

 3-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу тәртібі

  1. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу төмендегілерге сәйкес жүзеге асырылады:

       1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін аурулардың тізбесіне;

       2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесіне.

  1. Республикалық денсаулық сақтау ұйымы жұмыс органының қарауына қағаз жеткізгіште және электрондық форматта мынадай құжаттарды енгізеді:

      1) пациенттің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) бұрынғы мерзімі 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес жүргізілген зерттеулердің (растайтын құжаттарды қоса бере отырып) және консультациялардың нәтижелерін қамтитын республикалық денсаулық сақтау ұйымы ұсынған пациенттің ауру тарихынан үзінді;

       3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес пациентті бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу туралы республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы.

  1. Жұмыс органы республикалық денсаулық сақтау ұйымынан пациентті шетелге емдеуге жіберу туралы қорытынды келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде деректерді жұмыс органының сайтында орналастырылған "күту парағы" ақпараттық жүйесіне енгізеді.
  2. Жұмыс органы жыл қорытындысы бойынша шетелдік медициналық ұйымдарға тәжірибе, емдеу тиімділігі, елдер бөлінісінде емдеудің неғұрлым оңтайлы құнына және нозологиялар бойынша талдау жүргізеді.

      Жұмыс органы жүргізілген талдау негізінде Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу үшін шетелдік медициналық ұйымдардың тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) келісу және бекіту үшін комиссияға жібереді.

  1. Жұмыс органы 1 (бір) күнтізбелік жылға Тізбеге сәйкес шетелдік медициналық ұйыммен нозология бойынша бағалар прейскурантымен бекітілген стратегиялық әріптестік туралы келісім жасасады.
  2. Азаматтарды шетелге емделуге жіберу туралы қорытынды шығару үшін жұмыс органы:

       1) республикалық денсаулық сақтау ұйымы ұсынған осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін аурулар тізбесіне және (немесе) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесіне сәйкестігін қарайды;

      2) азаматтарды шетелге емделуге жіберу үшін республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысын алған күннен бастап пациентті емдеу тізбесіне, бағдарламасына және оны көрсету мерзіміне арналған шығыстардың калькуляциясын (бұдан әрі – баға ұсынысы) шетелдік медициналық ұйымдардан сұратады;

      3) шетелдік клиникаға жіберілетін пациенттерді емдеу бағдарламасын пысықтау үшін шетелде емдеуді ұсынған бейінді республикалық денсаулық сақтау ұйымының дәрігерлерін тартады және олармен электрондық пошта, телефон және басқа да қолжетімді байланыс құралдары арқылы шетелдік медициналық ұйым ұсынған емдеу бағдарламасын келіседі;

      4) шетелдік медициналық ұйымдардың мамандары пациенттің жай-күйі туралы қосымша ақпарат сұрау салған жағдайда, сұрау түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шетелдік медициналық ұйымдармен телемедициналық консультациялар ұйымдастырады.

       Осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды жүзеге асыру нәтижелері бойынша жұмыс органы комиссияға 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде республикалық денсаулық сақтау ұйымынан алған пациентті бюджет қаражаты есебінен шетелге емдеуге жіберу туралы қорытындыны, сондай-ақ осы Қағиданың 5 және (немесе) 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша пациентті бюджет қаражаты есебінен шетелге емдеуге жіберу туралы жұмыс органының ұсынымын, осы Қағиданың 12-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар тізбесін ұсынады.

  1. Комиссия қызметіне басшылықты комиссияның отырыстарында төрағалық ететін комиссия төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары жүзеге асырады.

      Комиссияның ұйымдастыру қызметін комиссия хатшысы қамтамасыз етеді. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ. Комиссия хатшысының функцияларын уәкілетті органның маманы орындайды.

      Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды. Комиссияның құрамын уәкілетті орган уәкілетті органның өкілдері, жұмыс органының мамандары, бейінді мамандықтар дәрігерлері, түрлі аурулар кезінде азаматтарға көмек көрсету жөніндегі өз қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатарынан қалыптастырады.

       Комиссия мүшелері оның қызметіне ауыстыру құқығынсыз қатысады. Комиссияның кезекті отырысын комиссия төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары белгілейді.

      Комиссия хатшысы комиссия отырысына дейін кемінде 1 (бір) жұмыс күні бұрын Комиссия мүшелеріне пациентті бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу туралы шетелдік клиникалар ұсынған емдеу бағдарламасын электрондық пошта арқылы жібереді.

       Комиссия отырысы күндіз, сондай-ақ онлайн бейнеконференцбайланыс арқылы (комиссия мүшесі әртүрлі өңірлерде болған жағдайда) өткізіледі.

      Комиссия отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысқан кезде заңды деп есептеледі.

      Комиссияның шешімі комиссия отырысына қатысушылардың жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.

      Комиссия отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысқан кезде заңды деп есептеледі.

      Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Комиссияның шешімі электрондық нысанда хаттамамен ресімделеді және Комиссияның барлық мүшелері электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе қолдардың түпнұсқаларымен қағаз жеткізгіште қол қояды.

  1. Комиссия шешім қабылдайды:

      1) пациентті шетелге емделуге жіберу туралы;

      2) шетелге емделуге жіберуден бас тарту туралы;

      3) негіздей отырып, пациенттің құжаттарын қарау мерзімдерін ұзарту туралы;

      4) шетелдік мамандарды тарта отырып, мастер класс шеңберінде отандық медициналық ұйымдарда шетелге емделуге үміткер пациентті емдеуді жүргізу туралы;

      5) шетелдік мамандарды тарта отырып, отандық медициналық ұйымдарда мастер класс шеңберінде емделуге жіберуден бас тарту туралы;

      6) жұмыс органының шетелдік клиникаларға емделуге ақы төлеу міндеттемесі туралы кепілдік хатын беруі туралы;

      7) емдеу бағдарламасын өзгертумен емдеуді жалғастыру және емделуші емделуде болған кезеңде шарт сомасын ұлғайту қажеттілігі туралы;

      8) комиссияның ерте қабылданған шешімінің күшін жою туралы;

      9) Тізбені келісу және бекіту туралы.

  1. Жұмыс органы Комиссияның пациентті шет елге емделуге жіберу туралы хаттамалық шешімі негізінде шетелдік медициналық ұйыммен Қазақстан Республикасының азаматтарына медициналық қызметтер көрсетуге немесе отандық медициналық ұйымдарда мастер класс шеңберінде емделуге бюджет қаражаты есебінен шетелдік мамандарды тарта отырып, комиссия отырысы өткізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде шарт жасасады.

      Шетелдік медициналық ұйымда пациентті емдеуді мақұлдау кезінде пациент немесе оның заңды өкілі келесіге қол қояды:

       1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес шетелге жіберу ережесі туралы пациенттің келісімі;

       2) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес пациенттің фото және бейне түсіруге келісімі;

       3) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес пациентті Қазақстан Республикасының халығынан шетелде емдеуге арналған қаржылық алымдардан бас тарту туралы пациенттің келісімі.

  1. Жұмыс органы пациенттің және еріп жүретін адамның (бөгде адамның күтіміне мұқтаж балаларға және (немесе) адамдарға) емделуге және жол жүруге арналған шығыстарын төлеуді жүргізеді.

      Жұмыс органы шетелдік медициналық ұйымға шарт жасалған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде шарттың жалпы сомасының 70%-нан аспайтын мөлшерде пациентті емдеу бойынша авансты төлейді.

      Түпкілікті ақы төлеу шетелдік медициналық ұйым орындалған жұмыстардың қорытынды актісін ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады (еркін нысанда).

      Ұзақ мерзімді емдеу кезінде жұмыс органы орындалған жұмыстардың аралық актілері бойынша ақы төлейді.

  1. Пациентті шетелдік медициналық ұйымға кезең-кезеңмен араласуды талап ететін емдеуге жіберу кезінде кезең-кезеңмен емдеу көзделеді.

      Кезең-кезеңмен емдеу кезінде пациенттің, сондай-ақ еріп жүретін адамның жол жүруіне ақы төлеуді жұмыс органы жүзеге асырады және комиссияның шешімі бойынша жүргізіледі.

      Кезең-кезеңмен араласуды талап ететін емдеудің әрбір кезеңіне ұзақ мерзімді емдеу кезінде жұмыс органы қосымша келісім жасайды. Қажет болған жағдайда қайта транспланттау пациентіне жаңа шарт жасалады.

  1. Шетелдік медициналық ұйыммен жасалған шарттың қолданылу мерзімі емдеу әдістері мен ұзақтығына байланысты белгіленеді.
  2. Жұмыс органына шетелдік медициналық ұйымның пациенттің шетелде болған кезеңінде емдеуді жалғастыру қажеттігі туралы ұсынымын ұсынған кезде жұмыс органы емдеу бағдарламасын Республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының бейінді мамандарымен қарайды және келіседі.

      Жұмыс органы келісу нәтижелері бойынша шетелдік медициналық ұйым ұсынған медициналық құжаттарды және осы шетелдік клиникада емдеуді жалғастырудың орындылығы туралы қорытындыны Комиссияның қарауына шығарады. Жұмыс органы шетелдік медициналық ұйымды комиссия қабылдаған шешім туралы ол қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

 

Қазақстан Республикасының
азаматтарын бюджет қаражаты
есебінен шетелге емделуге
жіберу қағидаларына
1-қосымша нысан

 Республикалық денсаулық сақтау ұйымының пациентті бюджет қаражаты есебінен шет елге емделуге жіберу туралы қорытындысы

Пациенттердің деректері

1

2

3

1

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


2

Туған күні


3

Мекенжайы


4

Толық клиникалық диагноз


5

Қосалқы диагноз


6

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


7

Ұсынылатын емдеу (нақты манипуляцияны көрсету)


8

Пациентті шетелге емделуге жіберу қажеттілігі туралы шешім

1. Мұқтаж
2. Мұқтаж емес (қажеттісінің астын сызу)

9

Шетелдік мамандарды тарта отырып, пациентті емдеуге жіберу қажеттілігі туралы шешім

1. Мұқтаж
2. Мұқтаж емес (қажеттісінің астынсызу)

10

Бұл технология Қазақстан Республикасының бірде-бір денсаулық сақтау ұйымында орындалмайтынын растау


11

Күтілетін емдеу әсері


12

Ағзалар мен тіндерді транспланттауға жіберілген жағдайда донорлардың болуы/болмауы туралы мәліметтер қоса беріледі

1. Үлгілеу деректері (қоса беріледі) - иә/жоқ
2. Туыс донорлардың жоқтығын растайтын деректер (қоса беріледі) - иә/жоқ
3. Елде донорлардың жоқтығын растайтын деректер (қоса беріледі) – иә / жоқ
4. Халықаралық тіркелімдердегі алдын ала іздестіру деректері (қоса беріледі) – иә / жоқ

13

Үлгілеу деректері (қоса беріледі)

иә / жоқ

14

Туыс донорлардың жоқтығын растайтын деректер (қоса беріледі)

иә / жоқ

15

Елде донорлардың жоқтығын растайтын деректер (қоса беріледі)

иә / жоқ

16

Халықаралық тіркелімдердегі алдын ала іздестіру деректері (қоса беріледі)

иә / жоқ

17

Қорытындының толтырылған күні


 

Толығырақ оқу...