«Ұлытау ауданының аудандық орталық ауруханасы» КМК Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы
0
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 тамызда № 24094 болып тіркелді

       "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 82) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

       3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі

А. Цой

       "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, иновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2021 жылғы 24 тамыздағы
№ ҚР ДСМ-90 бұйрыққа
қосымша

 Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидалары

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 82) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және халыққа медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;

      2) дәрігерге дейінгі медициналық көмек – орта медицина қызметкерлері дербес немесе денсаулықты насихаттауды, пациенттің жай-күйін бағалауды, дәрігерге дейін диагноз қоюды, дәрігерге дейінгі араласу жоспарын тағайындауды, дәрігерге дейінгі манипуляциялар мен емшараларды орындауды және науқастарға, мүгедектер мен хал үстіндегі адамдарға күтімді қамтитын мультипәндік команда құрамында көрсететін медициналық көмек;

      3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) динамикалық байқау – пациенттің денсаулық жағдайын жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқау нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;

      5) клиникалық хаттама – пациенттің белгілі бір ауруы немесе жай-күйі кезіндегі профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және паллиативтік медициналық көмек бойынша ғылыми дәлелденген ұсынымдар;

      6) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;

      7) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;

      8) медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) - адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін, аурулар мен жай-күйлердің профилактикасын, диагностикасын, оларды емдеуді қамтитын халықтың мұқтажына бағдарланған медициналық көмекке алғашқы қол жеткізу орны;

      9) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

      10) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;

      11) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасындағы қатынастарды реттейтін, мемлекет белгілейтін нормалар мен қағидалардың жиынтығы;

      12) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтер тұтынушыларға ұсынылатын медициналық көмек көлемі;

      13) отбасылық дәрігер – отбасы мүшелеріне медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету бойынша арнайы көпбейінді даярлықтан өткен және денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар дәрігер;

      14) патронаж – медицина қызметкерлерінің үй жағдайында профилактикалық және ақпараттық шараларды жүргізуі (нәрестеге патронаж, жүкті әйелге, босанған әйелге, диспансерлік науқасқа патронаж);

      15) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын медициналық көмек көлемі.

  1. МСАК:

      1) ТМККК шеңберінде;

      2) МӘМС жүйесінде;

      3) "Cақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетіледі.

  1. МСАК ұйымы Кодекстің 138-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің негізінде эпидемияға қарсы жұмыс режимін сақтай отырып медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
  2. МСАК ұйымы "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ – 175/2020 бұйрығына (бұдан әрі – № ҚР ДСМ – 175/2020 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) сәйкес медициналық құжаттарды, оның ішінде медициналық ақпараттық жүйелер арқылы жүргізеді.

 2-тарау. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету тәртібі

  1. Кодекстің 123-бабының 3-тармағына сәйкес МСАК жалпы практика дәрігерлері (отбасылық дәрігерлер), учаскелік терапевтер, педиатрлар, фельдшерлер, акушерлер, кеңейтілген практика (жалпы практика) мейіргерлері, учаскелік мейіргерлер, әлеуметтік жұмыскерлер, денсаулық сақтау саласындағы психологтар көрсетеді.
  2. МСАК ұйымдары Кодекстің 123-бабының 2-тармағына сәйкес мынадай жұмыс қағидаттарын жүзеге асырады:

      1) қызмет көрсетудің отбасылық қағидаты;

      2) МСАК аумақтық қолжетімділігі;

      3) аумақтық қолжетімділік шегінде медициналық ұйымды еркін таңдау;

      4) пациенттің медициналық көмек сапасына қанағаттануы;

      5) меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан, тең құқықтылық және адал бәсекелестік;

      6) профилактиканы, диагностиканы және емдеуді қамтитын МСАК көрсетілетін қызметтері пациенттердің тұрған жеріне қарамастан, олардың барлығына қолжетімді болуы.

  1. Бекітілген халыққа қызмет көрсету үшін МСАК ұйымында учаскеге мамандарды бекіте отырып учаске құрылады.

      МСАК көрсететін ауылдық медициналық ұйымдарды қоспағанда, бір жалпы практика дәрігеріне бекітілген халықтың саны аралас халыққа 1 700 адамнан, учаскелік терапевтке 2 200 адамнан, учаскелік педиатрға – 0-ден 6 жасқа дейінгі 500 баладан, 7-ден 18 жасқа дейінгі 900 баладан аспайды.

  1. Кодекстің 117-бабына сәйкес МСАК мынадай нысандарында беріледі:

      1) шұғыл – бекітілу фактісіне байланыссыз денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау және (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек;

      2) кезек күттірмейтін – пациенттің өміріне анық қатер төндірмейтін, кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек;

      3) жоспарлы – көмек көрсетуді белгілі бір уақытқа кейінге қалдыру пациент жай-күйінің нашарлауына алып келмейтін, пациенттің өміріне қатер төндірмейтін аурулар мен жай-күйлер кезінде, сондай-ақ профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде бекіту орны бойынша алдын ала жазылумен немесе жүгінумен көрсетілетін медициналық көмек нысандарында беріледі.

  1. МСАК Кодекстің 118-бабының 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) тармақшаларымен көзделген жағдайларды көмек көрсетеді.
  2. МСАК Кодекстің 123-бабының 1-тармағымен айқындалған қызметтерді қамтиды.
  3. МСАК:

       1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес МСАК-тың медицина қызметкерлері (фельдшер, акушер, орта және (немесе) жоғары медициналық білімі бар мейіргер) көрсететін медициналық қызметтердің тізбесі бойынша аурулар кезінде немесе дәрігердің қатысуын талап етпейтін жағдайларда орта медицина қызметкерлері (учаскелік мейіргер (жалпы практика мейіргері), фельдшер, акушер) көрсететін дәрігерге дейінгі медициналық көмекті;

       2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес МСАК дәрігерлері (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт дәрігер және (немесе) учаскелік педиатр) көрсететін медициналық қызметтер тізбесі бойынша жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт дәрігер және (немесе) учаскелік педиатр көрсететін білікті медициналық көмекті;

       3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес МСАК ұйымындағы әлеуметтік қызметкер мен психолог қызметінің тізбесі бойынша денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкер мен психолог көрсететін медициналық-әлеуметтік көмекті қамтиды.

  1. МСАК ұйымы Кодекстің 124-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген халыққа мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде өнім берушінің денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген бірлесіп орындаушылармен бірлесіп орындау шартын жасасуы арқылы қамтамасыз етеді.

 1-параграф. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарында диагностика және емдеуді ұйымдастыру тәртібі

  1. МСАК ұйымына алғаш жүгінген кезде тіркеу орнында электрондық форматта медициналық ақпараттық жүйелерде № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 052/е нысаны бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасы ресімделеді.

      Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда амбулаториялық пациенттің медициналық картасы қағаз түрінде ресімделеді, кейін медициналық ақпараттық жүйеге енгізіледі.

      МСАК ұйымы бастапқы есепке алу медициналық құжаттың, оның ішінде электрондық түрде сақталуын қамтамасыз етеді.

  1. Адамдар осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жүгіну себептері бойынша МСАК ұйымдарына жүгінеді.
  2. Пациент шұғыл жай-күйіне, жіті ауруына (жай-күйі) немесе созылмалы ауруының асқынуына байланысты жүгінген жағдайда МСАК ұйымдарының мамандары клиникалық хаттамаларға сәйкес диагностика және емдеу әдістерін айқындайды.

      Пациент жіті ауруына (жай-күйі) немесе созылмалы ауруының асқынуына байланысты МСАК ұйымдарына жүгінген жағдайда тіркеу орнының маманы немесе медицина қызметкері (учаскелік мейіргер (жалпы практика мейіргері), фельдшер, акушер) пациентті дәрігерге дейінгі кабинет (сүзгі) жібереді.

      Дәрігерге дейінгі кабинетте (сүзгі) медицина қызметкері (учаскелік мейіргер (жалпы практика мейіргері), фельдшер, акушер) пациентті қарап болған соң қажетті дәрігерге дейінгі көмекті көрсетеді.

      Білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсету жағдайлары кезінде медицина қызметкері кезекші дәрігерді немесе учаскелік дәрігерді шақыртады. Көрсетілімі болған жағдайда медицина қызметкері жедел жәрдем бригадасын шақыруды және шұғыл нысанда бейін бойынша тәуліктік стационарға жіберуді қамтамасыз етеді.

      Шұғыл емдеуге жатқызуды қарастырмайтын жағдайлар кезінде пациентті одан әрі байқау амбулаториялық деңгейде жүзеге асырылады, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы қашықтықтан консультация беру арқылы жүзеге асырылады.

      Коронавирустық инфекцияға күдікті пациенттерге және коронавирустық инфекциясы бар пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек көрсету қажет болған кезде бейінді мамандардың қашықтықтан консультациялары ұйымдастырылады.

  1. МСАК ұйымдарының мамандары пациентті күндізгі немесе тәуліктік стационарға жоспарлы нысанда Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы жібереді.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21713 болып тіркелген) бекітілген Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларына сәйкес МСАК ұйымдарында да төртінші жеделділік санатындағы жедел медициналық көмек шақыртуларына қызмет көрсету жүзеге асырылады.
  3. МСАК ұйымында үйге бару арқылы мынадай қызметтер:

      патронаж;

      пациентке белсенді баруы;

      үйге шақыртуы;

      үй жағдайындағы стационар;

      3 деңгейдегі медициналық оңалту;

      отбасын жоспарлау, жүктілікті қауіпсіз үзу, репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелері бойынша қызметтер;

      саламатты өмір салты бойынша іс-шаралар;

      медициналық-әлеуметтік қолдау;

      психологиялық көмек;

      созылмалы ауруларды динамикалық байқау;

      әлеуметтік мәні бар ауруларды динамикалық байқау;

      рецепт жазу;

      паллиативтік мобильдік бригаданың шығуы;

      Коронавирустық инфекцияға күдікті пациенттерге және коронавирустық инфекциясы бар пациенттерге мобильдік бригаданың шығуы жүргізеді.

  1. Патронаж:

      1) 5 жасқа дейінгі балаларға, оның ішінде жаңа туған нәрестелерге;

      2) жүкті және босанған әйелдерге;

      3) өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне қауіп төндіретін медициналық немесе әлеуметтік сипаттағы қаупі анықталған 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті немесе босанған әйелдері бар отбасыларды байқау кезінде;

      4) қозғалысы шектелген кезде асқынудан тыс созылмалы аурулары бар пациентке;

      5) паллиативтік көмекке мұқтаж пациенттерге жүргізіледі.

  1. 5 жасқа дейінге балалардың, оның ішінде жаңа туған нәрестелердің патронажы Кодекстің 7-бабының 32) тармақшасына және 138-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес жүргізіледі.
  2. Жүкті әйелдер мен босанған әйелдердің патронажы Кодекстің 7-бабының 32) тармақшасына және 138-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес жүргізіледі.
  3. Патронаж кезінде МСАК ұйымы міндетті жоспарлы ауруды жүргізеді, баланың өмірі, денсаулығы немесе дамуы үшін медициналық немесе әлеуметтік тәуекелдер анықталған жағдайларда жүкті әйелдерге, жаңа туған нәрестелерге және ерекше қолдауды қажет ететін балаларға жеке жоспар бойынша қосымша белсенді ауруды жүргізеді.

      Патронаждық бақылау барлық жүкті әйелдерге және 5 жасқа дейінгі балаларға ұсынылады және жүкті әйелге (жүктіліктің 12 аптасына және 32 аптасына дейінгі мерзімде) 2 босанғанға дейінгі патронаждан және жүкті, жаңа туған нәрестелер мен 5 жасқа дейінгі балаларды дәрігердің немесе фельдшердің немесе орта медицина қызметкерінің үйде және МСАК ұйымдарында қабылдауда жалпы бақылау схемасы бойынша балаларға 9 келуден тұрады.

       Қазақстан Республикасында педиатриялық және акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балаларға патронаж жасаудың әмбебап-прогрессивтік тәсілінің схемасы (орта медицина қызметкерінің үйде патронаждық баруы) бойынша олардың өміріне, денсаулығына, дамуы мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін медициналық немесе әлеуметтік сипаттағы тәуекелдер анықталған жүкті әйелдер мен балаларға патронаждық бақылау ұсынылады, Кодекстің 7-бабының 32) тармақшасына және 138-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүргізіледі.

  1. Қызметті алушы туралы мәліметтер (пациенттің немесе заңды өкілдің тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты мекенжайы, телефондары) "Бірыңғай төлем жүйесі" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне енгізіледі.
  2. Учаскелік мейіргердің жүкті әйелдерді патронаждау нәтижелерін 077/е нысаны бойынша жүкті және босанған әйелдің жеке картасына енгізеді, ал жаңа туған және 5 жасқа дейінгі балаларды № ҚР ДСМ -175/2020 бұйрықпен бекітілген 052/е нысаны бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасына енгізеді және отбасымен жеке жұмыс жоспарын, оның ішінде медициналық ақпараттық жүйелер арқылы қалыптастырады.

      Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда қағаз түрінде ресімделеді, кейін медициналық ақпараттық жүйеге енгізіледі.

  1. Патронажды жүзеге асыру кезінде МСАК маманы: сантиметр лентасын, дене температурасын және бөлме температурасын өлшеуге арналған термометрлерді, фонендоскоп пен тонометрді, қолды өңдеуге арналған дезинфектант, медициналық алғашқы көмек көрсетуге арналған ең аз жиынтық, ақпараттық материалдарды пайдаланады. Медициналық ақпараттық жүйелерді, оның ішінде мобилдік қосымшаларды енгізген жағдайда МСАК маманы ұялы қосымшасы бар планшетті немесе смартфонды пайдалана алады.
  2. МСАК ұйымының аға мейіргері немесе ол болмаған кезде учаскелік дәрігер (жалпы практика дәрігері) патронаж ұйымдастыруды үйлестіреді.
  3. МСАК ұйымдары маманының пациенттің үйіне, оның ішінде аула (пәтер) аралау арқылы белсенді баруы:

      1) стационардан шығару немесе жедел медициналық көмек станциясынан ақпаратты (активтерді) берген ауыр жағдайдағы пациенттердің қозғалуы шектелген кезде;

      2) жүкті әйелдер белгіленген күннен кейін 3 күннің ішінде қабылдауға келмеген кезде;

      3) босанған әйел көрсетілген мерзімде қабылдауға келмегенде;

      4) босанған әйел бекіту мәртебесіне қарамастан акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарынан келіп түскен мәліметтер бойынша қызмет көрсету аумағына келген жағдайда жүзеге асырылады.

      Пациенттің үйіне белсенді баруды учаскелік медициналық мейіргер немесе фельдшер басымдықпен жүзеге асырады.

  1. МСАК ұйымдарының медицина қызметкерлері үйге шақыртуға қызмет көрсетуді учаскелік (жалпы медициналық) қызметтің бөлім меңгерушісі, ол болмаған кезде учаскелік дәрігер (жалпы практика, терапевт (педиатр) дәрігер) үйлестіреді.

      Үйге шақыруды қабылдауды МСАК ұйымының тіркеу орны және (немесе) учаскелік мейіргер немесе фельдшер жүзеге асырады.

  1. Жеделділіктің төртінші санатындағы жедел медициналық көмекті шақыртуларды қоспағанда, қабылдауға денсаулығының жай-күйі мен аурудың сипаттамасы бойынша МСАК ұйымына келу мүмкіндігі болмаған жағдайда адамдардың МСАК ұйымдарына жүгінуі үйге шақыртуларға қызмет көрсету үшін көрсетілімдер болып табылады.

      Учаскелік мейіргердің немесе фельдшердің үйде шақыртуларға қызмет көрсетуі үшін мыналар көрсетілімдер болып табылады:

      1) шақырту кезінде дене қызуының 380С болуы;

      2) жай-күйінің бұзылуынсыз артериялық қысымның артуы;

      3) медициналық көмекті және үйде консультацияны қажет ететін жай-күйі, ауруы, жарақаттары (есінен айырылмау, қан кету белгілерінсіз, жай-күйінің кенеттен нашарламауы).

      Учаскелік дәрігердің үйде шақыртуларға қызмет көрсетуі үшін мыналар көрсетілімдер болып табылады:

      1) шақыртуға қызмет көрсеткен учаскелік мейіргердің немесе фельдшердің шақыртуды қабылдауы кезінде МСАК-тың тіркеу бөлімі бағалаған дәрігердің үйде тексеріп-қарауын қажет ететін жай-күйі;

      2) вакциналаудан кейінгі жағдайдың нашарлауы.

      5 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге және босанған әйелдерге денсаулық жай-күйінің кез-келген нашарлауы кезінде, жедел медициналық көмек шақыртуларын қоспағанда, үйде қызмет көрсетіледі. 65 жастан асқан, қозғалысы шектелген адамдарға үйде қызмет көрсетіледі.

  1. № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген жүкті және босанатын әйелдерге белсенді бару нәтижелері жүкті және босанатын әйелдің жеке картасына № 077/е нысан бойынша енгізіледі, ал 5 жасқа дейінгі балалар мен 65 жастан асқан адамдардың амбулаториялық пациенттің медициналық картасына № 052/е нысан бойынша енгізіледі.
  2. Емдеу емшаралары мен манипуляцияларды жүргізу және ұйымға бару мүмкіндігі болмаған жағдайда медициналық көрсетілімдері бойынша үйдегі стационар қызметтері жүргізіледі.
  3. Пациенттерді үйде стационарда және күндізгі стационар жағдайында жүргізуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 16-тармағының 47) тармақшасына сәйкес бекітілген Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес МСАК ұйымының медицина қызметкерлері жүзеге асырады.
  4. МСАК ұйымы Кодекстің 7-бабының 32) тармақшасына және 138-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді.

Толығырақ оқу...