«Ұлытау ауданының аудандық орталық ауруханасы» КМК Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы
0
Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі...

 

Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 қазанда № 21443 болып тіркелді.

       "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 86-бабының 4 және 6-тармақтарына, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 185-бабына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10 -бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мыналар:

       1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Міндетті медициналық қарап-тексеруге жататын адамдардың нысаналы топтары, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемі;

       2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидалары мен мерзімділігі және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

       3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Медициналық қарсы көрсетілімдер;

       4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесі бекітілсін.

  1. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      1) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы

М. Шоранов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы Цифрлық

      даму, инновациялар және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы Еңбек және

      Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрлігі

 

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2020 жылғы 15 қазаны
№ ҚР ДСМ-131/2020
бұйрығына 1-қосымша

 Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтары, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемі

Міндетті медициналық қарап-тексеруге жататын адамдардың нысаналы топтары

Алдын ала медициналық қарап-тексерулер (жұмысқа тұру немесе оқуға түсу кезінде)

Мерзімді медициналық қарап-тексерулер

Зертханалық және функционалдық зерттеулер

Зертханалық және функционалдық зерттеулер

Қарап-тексеру мерзімділігі

1

2

3

4

5

 

1

Қоғамдық тамақтану және тамақ өнеркәсібі объектілерінің жұмыскерлері

Флюрография

Флюорография

Әрбір 12 ай сайын

Гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері, патогенді стафилококк қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

Гельминт жұмыртқаларына, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері, патогенді стафилококк қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

Әрбір 6 ай сайын

2

Азық-түлік саудасы объектілерінің жұмыскерлері, азық-түлік тауарларын тасымалдаумен айналысатын адамдар

Флюорография, гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері, патогенді стафилококк қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

Флюорография, гельминт жұмыртқаларына, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері, патогенді стафилококк қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

Әрбір 12 ай сайын

3

Кремді-кондитерлік өндірістер мен балалардың сүтханасының жұмыскерлері

Флюорография

Флюорография

Әрбір 12 ай сайын

Гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері, патогенді стафилококк қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

Гельминт жұмыртқаларына, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері, патогенді стафилококк қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

Әрбір 6 ай сайын

4

Жолаушыларға қызмет көрсету ұйымдарының (теміржол вокзалдары, аэровокзалдар, әуежайлар, теңіз және өзен вокзалдары, автовокзалдар, метрополитендер) жұмыскерлері

Флюорография

Флюорография

Әрбір 12 ай сайын

5

Жолаушылар поездарының жолсеріктері, өзен, теңіз және авиакөлік стюарттары

Флюорография, гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

Флюорография, гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

Әрбір 12 ай сайын

6

Бастауыш, жалпы орта, кәсіптік, жоғары білім беретін оқу орындарының, мектептен тыс мекемелердің, компьютерлік клубтардың жұмыскерлері

Флюорография

Флюорография

Әрбір 12 ай сайын (оқу жылы басталу алдында – маусым, шілде, тамыз)

7

Балаларды және жасөспірімдерді маусымдық сауықтыру ұйымдарының жұмыскерлері

Флюорография

Флюорография

Әр 12 ай сайын (маусым басталар алдында)

Гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

Гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

Әрбір 6 ай сайын

8

Мектепке дейінгі ұйымдардың, мектеп-интернаттардың, балалардың жыл бойы жұмыс істейтін сауықтыру ұйымдарының, балалар үйлерінің, отбасылық үлгідегі үйлердің жұмыскерлері

Флюорография,

Флюорография

Әрбір 12 ай сайын

Гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа, патогенді стафилококкты тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

Гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа, патогенді стафилококкты тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

Әрбір 6 ай сайын

9

Перзентханалардың (бөлімшелердің), балалар ауруханаларының (бөлімшелерінің), жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшелерінің, шала туған нәрестелер бөлімшелерінің және ауылдық ауруханалардың аралас бөлімшелері стационарларының және күндізгі стационарлардың медицина жұмыскерлері. Меншік нысанына қарамастан ұйымдардың медицина жұмыскерлері

Флюорография

Флюорография

Әрбір 12 ай сайын

Гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері, патогенді стафилококк қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

Гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері, патогенді стафилококк қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

Әрбір 6 ай сайын (әрбір 12 ай сайын – кіші медицина персоналы)

 

10

Қан қызметі ұйымдарының медицина персоналы, хирургиялық, гинекологиялық, акушериялық, гематологиялық, стоматологиялық бейіндегі медицина жұмыскерлері және диагностика мен емдеудің инвазивті әдістерін жүргізетін медицина жұмыскерлері, гемодиализбен айналысатын медицина персоналы, сондай-ақ вирусологиялық, бактериологиялық, клиникалық, иммунологиялық және паразитологиялық зертханалардың медицин персоналы

Флюорография, АИТВ-ға зерттеп-қарау

Флюорография

Әрбір 12 ай сайын

В вирустық гепатиті мен С вирустық гепатитінің маркерлеріне зерттеп-қарау

АИТВ-ға зерттеп-қарау, В вирустық гепатиті мен С вирустық гепатитінің маркерлеріне зерттеп-қарау

Әрбір 6 ай сайын (әрбір 12 ай сайын – кіші медицина персоналы)

 

 

 

11

Санаторийлердің, демалыс үйлерінің, пансионаттардың, интернаттардың және мүгедектер мен қарттарға арналған үйлердің жұмыскерлері, үйге барып қызмет көрсететін медициналық-әлеуметтік жұмыскерлер

Флюорография, гельминт жұмыртқаларына, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

Флюорография, гельминт жұмыртқаларына, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

Әрбір 12 ай сайын

12

Қызмет көрсету саласының (моншалар, себезгі бөлмелері, сауналар, шаштараздар, косметологиялық салондар, кір жуатын орындар, химиялық тазалау) жұмыскерлері, бассейндер мен сумен емдеу орындарының, балшықпен емдеу орындарының, спорттық-сауықтыру ұйымдарының жұмыскерлері, қонақ үйлердің, мотельдердің, жатақханалардың, кемпингтердің менеджерлері, әкімшілері, қабаттарының меңгерушілері

Флюорография

Флюорография

Әрбір 12 ай сайын

Гельминт жұмыртқаларына, мерезге зерттеп-қарау, Тері жабынының бүтіндігін бұза отырып манипуляцияларды жүзеге асыратын объектілердің жұмыскерлері В және С вирустық гепатиттерінің маркерлеріне тексеріледі

Гельминт жұмыртқаларына, мерезге зерттеп-қарау, В және С вирустық гепатиттерінің маркерлеріне зерттеп-қарау

Әрбір 6 ай сайын

13

Дәрілік заттарды дайындаумен, буып-түюмен және сатумен айналысатын дәріханалардың, фармацевтикалық ұйымдардың (зауыттар, фабрикалар) жұмыскерлері

Флюорография

Флюорография

Әрбір 12 ай сайын

14

Су дайындауға тікелей қатысы бар су құбыры құрылыстарының жұмыскерлері, су құбыры желілеріне қызмет көрсететін адамдар, өндірістік зертханалардың, сумен жабдықтау және кәріз объектілерінің жұмыскерлері

Флюорография, гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия; сальмонеллез; іш сүзегі; А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

Флюорография,
гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

Әрбір 12 ай сайын

15

Жалпы білім беретін мектептердің, арнаулы орта және жоғары оқу орындарының оқушылары (студенттері) міндетті медициналық қарап-тексеруге жататын жұмыскерлер ретінде ұйымдарда практикадан өту алдында және оның кезеңінде

Флюорография. Зертханалық және функционалдық зерттеулер практикадан өтетін ұйымның санатына сәйкес жүргізіледі

Флюорография

Практикадан өту кезеңінде 12 айда 1 рет

Зертханалық және функционалдық зерттеулер оқушылар (студенттер) практикадан өтетін ұйымның санатына сәйкес жүргізіледі

16

Оқуға түсетін адамдар

Флюорография, гельминт жұмыртқаларына, мерезге, психикаға белсенді әсер ететін заттарға зерттеп-қарау

Зертханалық және функционалдық зерттеулер оқуға түсу алдында жүргізіледі

 

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2020 жылғы 15 қазаны
№ ҚР ДСМ-131/2020
бұйрығына 2-қосымша

 

             

 Міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидалары мен мерзімділігі және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидалары мен мерзімділігі және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 86-бабының 6-тармағына, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 185-бабына сайкес, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген.
  2. Қағидалар міндетті алдын ала, мерзімдік, ауысым алдындағы (рейс алдындағы), ауысымнан кейінгі (рейстан кейінгі), оның ішінде халықтың декреттелген тобын медициналық қарап-тексерулердің тәртібі мен мерзімділігін айқындайды, "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін регламенттейді.

 2-тарау. Міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізу тәртібі және мерзімділігі

  1. Міндетті медициналық қарап-тексерулер алдын ала, мерзімдік және ауысым алдындағы (рейс алдындағы), ауысымнан кейінгі (рейстен кейінгі) болып бөлінеді.
  2. Міндетті алдын ала, мерзімдік, ауысым алдындағы (рейс алдындағы), ауысымнан кейінгі (рейстен кейінгі) медициналық қарап-тексерулерді "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген үлгідегі мемлекеттік лицензиясы бар медициналық ұйымдар жүргізеді.

 1-параграф. Міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулерді жүргізу тәртібі және мерзімділігі

  1. Міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер (бұдан әрі – алдын ала қарап-тексерулер) жұмысқа тұру немесе оқуға түсу кезінде кәсібі немесе оқу бойынша міндеттерді орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізіледі.
  2. Алдын ала қарап-тексеруден өту кезінде қызметкер немесе оқуға түсетін адам өзінде айналасындағыларға қауіп төндіретін және ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстар жағдайларында еңбекке медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылатын созылмалы аурулардың болуы туралы мәліметтерді өз еркімен ұсынады.
  3. Медицина қызметкерлері алдын ала қарап-тексеруді жүргізу кезінде аурулар анықталған жағдайда, зерттелетін адамды зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізе отырып, толық қарап-тексеруге жібереді.
  4. Алдын ала қарап-тексеру деректері Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасына қызметкердің немесе оқуға түсетін адамның денсаулық жағдайының орындалатын жұмысқа (оқуға) сәйкестігі немесе сәйкес еместігі және оның еңбекке қарсы көрсетілімдерінің болуы туралы қорытындыны ресімдей отырып енгізіледі.
  5. Алдын ала қарап-тексеруден өткен және зиянды өндірістік факторлары бар жұмысқа жарамды деп танылған адамдарға Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша медициналық анықтама беріледі.

 2-параграф. Міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексерулерді жүргізу тәртібі және мерзімділігі

  1. Міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексерулер (бұдан әрі – мерзімдік қарап-тексеру) жұмыс істейтіндердің денсаулық жағдайын динамикалық бақылауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізіледі.
  2. Мерзімдік қарап-тексерулер әрбір 6 ай, 12 ай сайын мерзімділікпен Кодекстің 86-бабының 6-тармағына сәйкес белгіленген нысаналы топтарға байланысты жүргізіледі.
  3. Зиянды өндірістік факторлармен жұмыс істейтіндерге мерзімдік қарап-тексеру жүргізу кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық (оның ішінде көліктегі) бөлімшелері:

      1) медициналық қарап-тексерудің толық қамтылуын, сапасын және уақтылы өткізілуін бақылауды жүзеге асырады;

      2) жұмыскерлерді медициналық қарап-тексеру нәтижелерін қорытуға қатысады;

       3) мыналардың:

      жұмыскер жұмыс істейтін ұйымға (кәсіпорынға) қызмет көрсететін медициналық ұйымның;

      жұмыскердің тіркелген орны бойынша медициналық ұйымның;

       кәсіптік патология бойынша мамандандырылған көмек көрсететін медициналық ұйымның;

      жұмыскерге жұмыс берген жеке және заңды тұлғалардың сұрау салуы бойынша еңбек жағдайларының санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамасын ұсынады.

  1. Медициналық ұйым медициналық қарап - тексеруді жүргізу үшін дәрігерлік комиссияның құрамын құрады және бекітеді және зиянды өндірістік факторлардың ерекшелігін ескере отырып, зертханалық және басқа да зерттеулердің түрі мен көлемін, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен келісілген медициналық қарап-тексеруге жататын контингенттің тізімдерін алғаннан кейін дәрігерлік комиссияның жұмыс уақыты мен мерзімдерін айқындайтын күнтізбелік жоспар (бұдан әрі - жоспар) жасайды. Жоспар ұйымның (кәсіпорынның) әкімшілігімен (жұмыс берушімен) келісіледі.
  2. Дәрігерлік комиссияның құрамына мынадай медицина қызметкерлері кіреді: кәсіптік патология бойынша даярлықтан өткен терапевт, хирург, невропатолог, оториноларинголог, офтальмолог, дерматовенеролог, гинеколог, рентгенолог, функционалдық диагностика жөніндегі дәрігер, дәрігер-зертханашы.

      Дәрігерлік комиссияның төрағасы кәсіптік патология бойынша кәсіптік қайта даярлаудан өткен және маман (кәсіптік патолог) сертификаты бар дәрігер-кәсіптік патолог болып табылады.

      Дәрігерлік комиссияның жұмысына кәсіптік патология бойынша даярлықтан өткен басқа да мамандар (стоматолог, кардиолог, аллерголог, эндокринолог, фтизиатр, гематолог) тартылады. Медициналық қарап-тексерулерге қатысатын медицина қызметкерлері жұмыс беруші ұсынған өндірістік факторлар сипаттамасымен және жұмыскерлердің еңбек жағдайларымен танысады.

  1. Медициналық қарап-тексеру жүргізу аяқталғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде дәрігерлік комиссияның төрағасы нәтижелерді қорытындылайды, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 4 данада қорытынды акті жасайды, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық (оның ішінде көліктегі) бөлімшелеріне ұсынады.

      Қорытынды актіге басқа жұмысқа ауыстыру ұсынылған, стационарлық және санаторийлік-курорттық емдеу, емдеу-профилактикалық тамақтану, динамикалық бақылау көрсетілген адамдардың атаулы тізімі қоса беріледі.

      Қорытынды акті медициналық ұйымның басшысы қол қойғаннан кейін орындау үшін ұйымның (кәсіпорынның) әкімшілігіне, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық (оның ішінде көліктегі) бөлімшелеріне жіберіледі, бір данасы медициналық қарап-тексеру жүргізген медициналық ұйымда қалады.

  1. Міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексеру жүргізген медициналық ұйым әрбір жұмыскердің тексеру нәтижелерін медициналық ақпараттық жүйеге енгізеді.
  2. Медициналық ұйым осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық (оның ішінде көліктегі) бөлімшелеріне жүргізілген медициналық қарап-тексеру нәтижелері туралы жиынтық есепті ұсынады.
  3. Қарап-тексеру деректері Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасына енгізіледі. Қарап-тексеруге қатысатын әрбір медицина қызметкері кәсіптік жарамдылығы туралы өз қорытындысын береді.

       Жұмыстан босатылған және басқа ұйымға (кәсіпорынға) ауысқан кезде амбулаториялық пациенттің медициналық қарап-тексеру деректері бар медициналық картасы жаңа жұмыс орны бойынша медициналық ұйымға беріледі.

  1. Мерзімдік қарап-тексеруді жүргізу қорытындылары бойынша инфекциялық немесе паразиттік аурулар диагностикаланған, орындалатын жұмысқа қарсы көрсетілімдер болып табылатын инфекциялық аурулар қоздырғыштарының тасымалдаушылығы анықталған жағдайда медициналық ұйымның жауапты медицина қызметкері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне шұғыл хабарлама жібереді және науқасты тиісті медициналық ұйымға емдеуге жібереді.

      Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық (оның ішінде көліктегі) бөлімшелері шұғыл хабарлама алғаннан кейін мұндай адамдарды жұмыстан шеттетеді.

  1. Жұмыс беруші ұйымға (кәсіпорынға) қызмет көрсететін медициналық ұйыммен немесе жұмыскердің тіркелген жері бойынша аумақтық медициналық ұйыммен бірлесіп:

       1) Кодекстің 86-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілетін, Зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін басшылыққа ала отырып, кейіннен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық (оның ішінде көліктегі) бөлімшелерімен келісе отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндетті медициналық қарап-тексеруге жататын адамдардың тізімін 1 желтоқсаннан кешіктірмей жасайды;

      2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық (оның ішінде көліктегі) бөлімшесімен келісілген жұмыскерлерді сауықтыру және еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын әзірлейді;

      3) медициналық қарап-тексеруден өтпеген немесе денсаулық жағдайлары бойынша еңбекке жарамсыз деп танылған адамдарды немесе еңбекке қарсы көрсетілімдері бар адамдарды жұмысқа жібермейді;

      4) жұмыскерде кәсіптік ауру анықталған жағдайда, қорытынды актінің негізінде жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауымен аурудың байланысына сараптама жүргізу үшін кәсіптік патология бойынша мамандандырылған көмек көрсететін медициналық ұйымға уақтылы жіберуді қамтамасыз етеді;

      5) жұмыскерлерге жүргізілген медициналық қарап-тексеру нәтижелері бойынша қорытынды актінің ұсынымдарын орындайды.

  1. Медициналық қарап-тексеру нәтижелері бойынша ұйымға (кәсіпорынға) қызмет көрсететін медициналық ұйым немесе жұмыскердің тіркелген орны бойынша аумақтық медициналық ұйым кейіннен жұмыскердің топтардың біріне, оның ішінде диспансерлік топқа тиесілілігін айқындай отырып және кәсіптік аурулардың және әлеуметтік мәні бар аурулардың профилактикасы бойынша ұсынымдарды бере отырып, одан әрі мынадай санаттар бойынша бақылау, емдеу және оңалту бойынша:

      1) оңалтуды қажет етпейтін дені сау жұмыскерлер;

      2) әртүрлі ағзалары мен жүйелерінде тұрақты емес функционалдық өзгерістері бар, іс жүзінде дені сау жұмыскерлер;

      3) жалпы аурулардың бастапқы түрлерімен ауыратын жұмыскерлер;

      4) кәсібінде жұмысын жалғастыруға қарсы көрсетілім болып табылатын, сондай-ақ қарсы көрсетілім болып табылмайтын жалпы аурулардың айқын нысандары бар жұмыскерлер;

      5) организмге зиянды өндірістік факторлар әсерінің белгілері бар жұмыскерлер;

      6) кәсіптік аурулардың белгілері бар жұмыскерлер топтарын құрады.

  1. Жалпы аурулардың айқын нысандары бар жұмыскерлер медициналық ұйымдарға оңалтуға жіберіледі.

Толығырақ оқу...