Күз - суық тию, тұмау және пневмонияның дәстүрлі мезгілі, сондықтан да кездейсоқ емес Пневмониямен Бүкіләлемдік күрес күні болып 12 қараша таңдалды. Оның мақсаты – тек қана қоғамды ағарту қызметі ғана емес, сонымен қатар пневмония мәселесіне мемлекеттік қайраткерлерді, дәрігер-мамандар мен азаматтардың назарын аударуға қол жеткізу.
Пневмония – өкпенің қабынуы, оның себебі ағзаға зиянды микроорганизмдердің енуі. Пневмонияның басты себептерінің бірі пневмококк инфекциясы және оның қоздырғышы – пневмококк. Ол пневмония, менингит, сепсис және басқа да қауіпті ауруларды тудырады, әсіресе ол 5 жасқа дейінгі балалар үшін қауіпті. Оның емделуі жыл сайын қиындап келеді, себебі, қазірдің өзінде көптеген микробтарда қазіргі заманғы антибиотиктерге тұрақты иммунитет қалыптасқан. Пневмониядан жыл сайын 1,5 млн. адам өледі, оның жартысынан көбі – 5 жасқа дейінгі балалар, бұның өзі ЖИТС, безгек және қызылша ауруларын бірге алғанда көбірек.
Өзіңді, балаларың мен жақындарыңды жан-жақты және сұм пневмококк инфекциясынан қорғауға болады ма? Дәрігерлер вакцинацияны тиімді шара деп санайды. Қазақстанда балаларды жаппай иммундауы Ұлттық егу күнтізбесіне 2010 жылдан бастап енгізілген, бұны 5 жасқа дейінгі балалардың пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация нәтижелері көрнекі түрде растайды.
Дені сау балалар пневмококк тасушысы болуы мүмкін, атап айтқанда, суық мезгіл басталғанда қатты тоңазудан немесе жедел респираторлық аурулардан кейін оларда пневмония дамиды. Қазір осы аурулардың асқыну маусымы енді ғана басталды. Ал вакцинация, тұмауға қарсы вакцинаны қоса алғанда, ол пневмонияға әкелуі мүмкін, сонымен қоса пневмококк инфекциясына қарсы тікелей егу, мәселенің алдын алуы мүмкін.
Дүниежүзілік пневмониямен күрес күні қазақстандық дәрігерлер және бүкіл әлем дәрігерлері әр адамды осы мәселе туралы ойлануға және өз туыстарын пневмониямен ауру қаупін төмендетуге барлық мүмкіндікті жасауға шақырады. Ал, іс жүзінде, әрбір адамға өзінің және балаларының денсаулығына дұрыс және жауапты болуына күші келе ме? Иммунитетті нығайту, вакцинация, ЖРВИ алғашқы белгілері басталғанда дәрігерге дер кезінде қаралу, сондай-ақ ағзаңызға қатысты қосымша қорғау шараларын туралы емдеуші дәрігердің кеңес алу ше? Сондықтан, өзідеріңді суық мерзімде қорғағыздар және алдын алу бұл – пневмонияны қоса алғанда кез келген аурумен күрестің ең үздік әдісі екенін ұмытпаңыздар.