«Ұлытау ауданының аудандық орталық ауруханасы» КМК Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы
0
Ш. Досанова

Досанова Шайжамал Жарасбайқызы 16.04.1933 жылы Қарағанды облысы, Ұлытау селосында дүниеге келген. 1951 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Қарағанды мемлекеттік Медицина институтына оқуға түсіп, 1958 жылы дәрігер мамандығы бойынша бітіріп шықты. Сол жылы Ұлытау аудандық емханасына дәрігер-педиатр болып қызметке орналасты.

Шайжамал Жараспаевна адамгершілігі өте мол, ісіне жауапты, білікті дәрігер бола білді.

Жолдасы Сабыржан Досанұлының қызметі - Жезді, Жезқазған,Қарағанды қалаларында болғандықтан көп жылдар бойы үлкен облыстық емхана, ауруханаларында балалар дәрігері болып істеді.

Шайжамал Жараспаевна сабырлы, ізденімпаз және өте білімді дәрігер болды.

«Еңбек ардагері»  медальмен, бірнеше жоғарғы орындардан «Құрмет грамотасымен», «Алғыс хаттармен» марапатталған.

Зейнеткерлікке 1983 жылы Ұлытау ауданының аудандық орталық ауруханасынан шықты.

Аудан халқының құрметті азаматшасы.

Жанұясында 6 бала тәрбиелеп өсірген асыл ана!